Мәжіліс депутаты Туризм министрін қатаң сынға алды
Мәжіліс депутаты Екатерина Смолякова туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновқа ішкі туризмді сынға алып, мәлімдеме жасады. Ол әсіресе Наурыз мерекесіне орай қазақстандықтар жаппай Өзбекстанға барғанын атап өтті.

Сөзінше, қазақстандықтар өз елінде демалғысы келмейді.
"Жүздеген қазақ Наурызды өз елінде емес, көршілес Өзбекстанда тойлауды таңдады. Бұл алаңдатарлық жайт. Бұл жеке адамның таңдауын емес, жүйелік әлсіздігімізді көрсетеді", –деді ол.
Смолякова туристік маусымның басталуына екі айдан аз уақыт қалғанын атап өтті. Дегенмен рейстер, билеттердің бағасы, бағыттары және орындардың қолжетімдігі туралы ақпарат әлі жарияланған жоқ. Туроператорлар турлар жасай алмайды, ал қазақстандықтар сапарларды жоспарлап, билеттерді алдын ала брондауға қабілетсіз.
"Логикалық сұрақ туындайды: егер ақпарат, логистика және қолжетімділік сияқты негізгі мәселелер шешілмесе, туризмді насихаттауға бөлінген 1,47 миллиард теңге жеткілікті ме?" – деді депутат.


