«Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылады.

Oinet.kz 26-03-2026

Screenshot_2.jpg

2026 жылғы 26–29 наурыз аралығында Шымкент қаласы, Абай ауданы аумағында «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылады.

«Қауіпсіз үй» – әр отбасының тыныштығы мен амандығына бағытталған маңызды бастама.

Басты ұстанымымыз: қауіпсіз ұя – бақытты өмірдің кепілі.

Зорлық-зомбылықсыз қоғам қалыптастыру – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Бір-бірімізге жанашыр болып, қорғап жүрейік!

Іс-шараға құқық қорғау органдары, жергілікті атқарушы құрылымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, еріктілер мен қоғам белсенділері қатысады.

Негізгі мақсаттары:

* Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу

* Қауіп тобына жататын отбасыларды анықтау және қолдау

* Қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету

Барша азаматтарды заң талаптарын құрметтеуге, құқық бұзушылықтың алдын алуға және қоғам тыныштығын сақтауға шақырамыз!

#заңментәртіп #шымкент #абайауданы #қауіпсізүй #зорлықзомбылыққажолжоқ

Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы: Олжас Бектенов Түркістан облысында «Мөлдір бұлақ» акциясына
Ерболат Досаев билікке керек адам
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу