Депутат Дубайдағы қазақстандық шенеуніктерге тиесілі мүлікті тексеруді талап етті

Oinet.kz 04-03-2026

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров жақында Дубайда ракета құлап өртенген тұрғын үйде қазақстандық шенеуніктердің үйі болған деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Айтуынша, бұл шенділердің мүлкін ас прокуратура тексеруі қажет. 

Screenshot_11.jpg

1 наурызда Дубайдағы Fairmont The Palm тұрғын үй кешенінде ракета құлап, өрт шықты. Әлеуметтік желілерде бай қазақстандықтар, соның ішінде бұрынғы шенеуніктерге тиесілі жылжымайтын мүлікке залал келген болуы мүмкін деген ақпарат тарады.

Журналистердің мәліметінше, аталмыш кешенде 97 пәтер қазақстандықтарға тиесілі. Пәтер иелері арасында бұрынғы сенат төрағасының ұлы Қайрат Мәмидің баласы, Алматы облысының бұрынғы әкімі Амандық Баталовтың жұбайы Багдат Баталова және басқа да танымал тұлғалар аталады.

Мәжілісте депутат Ерлан Саиров мәлімдегендей, ол бұрынғы шенеуніктердің шетелдегі мүлігін заң тұрғысынан бағалау үшін Бас прокуратураға сұрау жолдауды жоспарлап отыр.

"Моральдық тұрғыдан да, адамдық тұрғыдан да бұл дұрыс емес. Тіпті еліміздің халқына қарсы антигумандық (адамгершілікке, гуманизмге қарсы, адам құқығы мен қадір-қасиетін елемейтін әрекет) деп айтуға болады. Бас прокуратура қазір осыған байланысты қандай да бір фактілерді жинап жатқан шығар деп ойлаймын. Меніңше, егер қандай да бір құқықтық реттеу формалары бар болса, әрине, Бас прокуратура бұл жағдайда әрекет етуі тиіс", – деді ол.

Депутат журналисттердің Қаржы мониторингі неге бұған дейін шетелдегі бұл мүліктер туралы байқап тексеріс жүргізбеген деген сұрағына да жауап берді. 

“Бәлкім нақты фактілер болмаған шығар. Жалпы формалды тұрғыда олар заң бұзбаған шығар. Бірақ бәрібір бұл адамгершілік нормаларын бұзу. Себебі бір кездері олар елді басқарды. Ал қазір өзге елде тұрып жатыр. Бұл мүлде дұрыс емес”, – деп қорытты ол. 

Қазақстан банктері бір айда 200 млрд. теңгеге жуық пайда тапқан
АҚШ Иранға қарсы соғыста күрдтердің көмегін пайдаланбақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу