Тоқаевтың сынынан кейін "Самұрық-Қазынадан" 650 қызметкер жұмыстан босатылады

Oinet.kz 27-02-2026

“Самұрық-Қазына” қорының төрағасы Нұрлан Жақыпов “сол жағалауда кофе ішіп отыратындар” туралы әңгімелерге жауап беріп, қор қызметкерлерінің 10 пайызы қысқартылатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, шамамен 650 адамға қатысты шешім кофе ішкені үшін ғана емес, басқа да талаптарға қатысты қабылданбақ. 

MyCollages (6).jpgҚор басшысы қызметкерлердің 10 пайызы қысқартылатынын мәлімдеді. Бұл шамамен 650 адам деген сөз. Қысқарту жұмыстары наурыз айының соңына дейін жүргізіледі және бәрі заң талаптарына сай жүзеге асырылады.

"Біз 10 пайыз қызметкерді қысқартамыз. Бұл шамамен 650 адамға қатысты шешім. Қысқарту әкімшілік-басқару персоналына жүргізіледі. Өндірістік қызметкерлерге бұл өзгеріс әсер етпейді", – деді Жақыпов.

Ол қысқарту "сол жағалауда кофе ішіп отыратындар" деген бейресми әңгімелермен емес, нақты жүйе негізінде жүзеге асатынын атап өтті.

"Бізде қызметкерлерді бағалау жүйесі бар, тиімділік көрсеткіштері (КПД) есепке алынады, сондай-ақ мотивациялық тетіктер қарастырылған. Шешім қабылдағанда осының бәрі ескеріледі. Процесс заң аясында, объективті түрде өтеді", – деді қор басшысы.

Жақыповтың сөзінше, барлық еңбек ұжымында тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Қысқарту еңбек заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады және наурыз айының соңына дейін аяқталады. Өтемақы мәселесіне қатысты ол нақты бір сома айта алмайтынын жеткізді.

"Кейбір жерде ұйымдық құрылым қайта қаралады, кейбір жерде нақты қысқарту болады. Сондықтан өтемақы көлемі әр жағдайда әртүрлі болуы мүмкін", – деді ол.

Қор басшысы қысқарту орталық аппарат пен әкімшілік-басқару қызметкерлеріне қатысты болатынын, филиалдар мен өндірістегі қарапайым жұмысшылар бұл процеске ілікпейтінін нақтылады.

Президент іс басқармасының бюджеті --123,6 млрд теңге
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу