Бойы 2 метр президент Қазақстанға келді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Сербия президенті Александр Вучич Астанаға ресми сапармен келді, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Сербия президентін әуежайдан премьер-министр Олжас Бектенов қарсы алды.
Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді. Мемлекеттер басшылары қазақ-серб қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылайды.
Саяси диалогті одан әрі нығайту, сауда-экономикалық байланыстар мен мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты кеңейту мәселелеріне баса назар аударылады.
Айта кетейік, Александр Вучич - әлемдегі ең ұзын президенттерің бірі. Оның бойы 2 метрге жуық, нақтырақ айтсақ 1,99 см.



