Шымкенттің әкімі танымал жазушының немересін қабылдады
Жазушы, Шымкент қаласының “Құрметті азаматы” Серік Жанәбілдің немересі Арайлым Болатқызын Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы қабылдап, ықылас білдірді.

“Сыздықбеков Ғабит Әбдімәжитұлы Арайлым қызымызды қабылдап Президенттің құттықтау сәлемін жеткізді. Күтпеген жаңалық болды. Арайлым 65 мектептің 2 класс оқушысы. Қуанышымызда шек жоқ. Бала көңілі балдай дейді. Арайлым қызым ағылшынша оқып болашақта елші боламын деп ниет етіп отыр. Бүгінгі қала әкімімен болған жеке кездесуінен алған әсері шексіз. Рахмет!!!” - дейді Арайлымның әкесі Болат Жанәбіл.
Қуанышты жаңалықты желіде бөліскен журналист Ерсұлтан Әмірбек:
"Жақсыдан шарапат деген сөз бар. Президенттің шарапаты мен Әкімнің шапағатына бөленген Арай қызымыз алты Алаштың аузында жүрер айтулы қыз болсын! Немере қуанышын көрген Серік көкем мен Нұрзайым жеңшеме құтты болсын айтамын!" - деп сөзін түйіндеді.

Айта кетейік, Серік Жанәбіл 1952 жылы Алматы облысында дүниеге келген. ҚазҰУ-ды бітірген. «Қазақстан пионері», Оңт. Қазақстан обл. Келес ауд. «Мақташы» газеттерінде, Леңгір ауд., Шымкент қ. кинотеатрларында жауапты қызметтер атқарған. 1977 ж. әңгімесі ұжымдықжинаққа енген. Алғашқы кітабы «Дүрбелең» 1978 ж. жарық көрген.


