Өзбекстанмен шекарадағы бақылау-өткізу бекеті бірнеше айға жабылады
Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы "Тәжен" өткізу бекеті 1 ақпаннан бастап үш айға жабылады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
МКК хабарлауынша, ЕАЭО-ның сыртқы шекарасында орналасқан кеден бекеттерінде Қытай, Өзбекстан және Түрікменстанмен шекарадағы тоғыз автомобиль өткізу пунктін толыққанды жаңғырту жалғасып жатыр.
"Өзбек тарапымен келісім бойынша (ноталар алмасу арқылы) жеке тұлғалардың "Тәжен" өткізу пунктін кесіп өту қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап 3 айға бекетті қайта жаңарту кезеңінде жеке тұлғалардың өтуі, сондай-ақ жеңіл автокөліктің, автобустардың және 3,5 тоннаға дейін жүк көлігінің өтуі "Тәжен" (ҚР) – "Даут Ата" (ӨР) өткізу пункттері арқылы уақытша тоқтатылады", - делінген хабарламада.
Осыған байланысты жеке тұлғалардың, жеңіл автокөліктердің, автобустар мен 3,5 тоннаға дейінгі жүк көліктерінің ағынын Қазақстан-өзбек шекарасында орналасқан келесі өткізу пункттері арқылы қайта бөлінеді:
"Б.Қонысбаев" (ҚР) - "Яллама" (ӨР) өткізу пункттері (жеке тұлғалар, жеңіл автокөлік құралдары, автобустар және 3,5 тоннаға дейін жүктемелейтін жүк автокөлік құралдары);
"Қапланбек" (ҚР) - "Зангиота" (ӨР) өткізу пункттері (жеке тұлғалар, жеңіл автокөлік құралдары, автобустар);
"Сырдария" (ҚР) – "Малик" (ӨР), "Целинный" (ҚР) – "Ок Олтин" (ӨР) өткізу пункттері (жеңіл автокөлік құралдары легковые, жеке тұлғалар);
"Бейнеу" (ҚР) – "Каракалпакия" (ӨР) теміржол өткізу пункттері (теміржол көлігімен жеке тұлғалардың өтуі).
"Жаңғырту аяқталғаннан кейін өткізу пункттерінің инфрақұрылымы жақсарады, жеке тұлғалардың шекарадан ыңғайлы өтуі және тауарлар мен көлік құралдарының шекарасында мемлекеттік бақылау түрлерін сапалы жүргізу үшін барлық жағдай жасалады", - деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті.