2035 жылға қарай Астана халқының саны 2,5 млн болады
Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы алдында есеп берген Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек 2035 жылға қарай қала халқының саны 2,5 миллионға жетуі мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Астана – халық санының ең жоғары өсім қарқыны бар өңір (6,8%). 2024 жылы елорда тұрғындарының саны 90 мың адамға немесе 7 пайызға өсті. Халық саны: 1 520 756. Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, Үкімет Астана қаласының жаңа Бас жоспарын бекітті. 2035 жылға қарай қала халқының саны 2,5 миллион адамға дейін артады деп болжанып отыр", - деді Жеңіс Қасымбек.
Әкімнің сөзінше, қала тұрғындарына қолайлы мегаполис қалыптастыру мақсатында Бас жоспарға сәйкес алдағы 10 жыл ішінде 120-дан астам мектеп, 170-тен астам балабақша және 50-ден көп денсаулық сақтау нысанының құрылысы жоспарланып отыр.
Айта кетейік, баяндама барысында әкім LTR құрылысы биыл жазда аяқталып, күзде іске қосылады деді.