«Ерте тұрып, анама көмектеспейсің»: Қазақстандық әйелін ерте оятамын деп сотқа тартылды

Oinet.kz 25-09-2024 124

Қызылорда облысы Шиелі аудандық сотында әйелін ұрды деп айыпталған ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды OInet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Screenshot_1.jpg

Шиеліде әйелін ұйқысынан оятып, тыныштығын бұзған ер адам сотқа тартылды. 

"Сотталушы Д жатын бөлмеде ұйықтап жатқан әйелі О-ға жақындап, оны оятып, ұрыс шығарған. "Ерте тұрмайсың, анама үй шаруасына көмектеспейсің” деп айқай шығарған. Осылайша ол физикалық ауыртпалық туғызғанымен, денсаулыққа жеңіл зиян келтірген жоқ", – деді сот.

Сотта ер адам өз әрекетін толығымен мойындап, әйелімен татуласуына байланысты істі қысқартуды сұрады. Жәбірленуші де осылай мәлімдеді.

"Сотталушы Д-ның әрекетінде Қылмыстық кодекстің 10-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылықтар бар. Өлімге әкеп соқпаған қылмыстық құқықбұзушылық немесе онша ауыр емес, орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам жәбірленушімен татуласқан болса, қылмыстық жауаптылықтан босатыла алады", – делінген хабарламада.

Аудандық соттың қаулысымен сотталушы Д жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс өндірістен қысқартылды.

Шымкентте ер адам пойыз астына түсіп мерт болды
«Баламды мұндай күйге қалай жеткіздіңіздер?»: Қызылордадағы 16 жасар қыз тағы қысымға ұшырағанын айт
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу