«Ақшаңды өтеп берейік»: Қызылордада сексуалды құлдықта болған 16 жастағы қыздың анасы деректермен бө

Oinet.kz 12-11-2024 421

Қызылордада сексуалды құлдыққа ұшыраған оқушы қызға қатысты бопсалау ісі бойынша сот үкімі шыққаны кеше хабарланған. Әзірге бір жігіт сотталды. Ulysmedia.kz тілшісі осы ретте оқушы қыздың анасымен сөйлесіп, жабық сот процесі қалай өтіп жатқанын, қызының жағдайы қалай екенін білген, деп хабарлайды Oіnet.kz тілшісі. 

Screenshot_10.jpg

АНАСЫ НЕ ДЕЙДІ

– Адвокаттар апелляция беріп жатыр-ау деймін. Себебі ұйымдасқан топ – төрт баланың ішінен оны (сотталған адам) алып тастап, бірінші қылып жіберіп, топтан бөліп тастады, – дейді оқушы қыздың анасы Ақерке.

Оның айтуынша, сотталған адам (Қорқыт ата университетінде заңгер мамандығын оқыған) тергеудегі үш баланың бірінің телефонымен сөйлескен. Сол жерде екі баланың аты аталған. “Бірақ қызымның сол жауабы негізге алынбады, тергеуші де сотқа шақырылды, бір өзі болып сотталып кетті” дейді анасы.

Іс бойынша 11 адам қамауға алынған. Оның ішінде екеуі оқушының сыныптасы, тағы екеуі солардың екі бөлесі.

– Сотталушылардың ішінде мефедрон істеткен килент, бопсалаушы, ұрған боксшы қыздар бар. Екеуі үйқамақта, – дейді ол.

ОҚУШЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ҚАЛАЙ

– Қазір арасында емханаға барып жүрміз. Дәрі-дәрмектерін ішіп жүр. Арасында сот болып жатқанда емханаға барып үлгермей қаламыз. Ертең бос күн. Барамыз. Арасында барып жүрміз. Жеке емханаға барып, емделіп жатырмыз арасында, – дейді Ақерке.

“КЕШІРІМ БЕРМЕДІМ”

Алғаш оқиға жайлы жалпақ жұртқа жария болғаннан кейін ұсталғандардың әке-шешесі келіп, кешірім сұраған. Тіпті біреуінің ата-анасы “қызыңызды келін қылып алайын” деген. 

– Ол мүлде миға қонбайды. Баланы жарты жыл бойы қинап, қорлады. “Ақшаңды өтеп берейік” деді. Келіскен жоқпын. Ешкімге кешірім берген жоқпын, – дейді Ақерке.

Анасынан ұққанымыздай, қыздың оқиғасы бойынша бірнеше іс жүріп жатыр.

16 ЖАСТАҒЫ ҚЫЗДЫҢ ОҚИҒАСЫ

Биыл тамыз айының басында Қызылорда қаласында мектеп оқушысының анасы сыныптастары қызын есірткі қолдануға мәжбүрлеп, күштеп ұстағанын, ақша бопсалап, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр еткенін мәлімдеген. Кейін оқиғаның егжей-тегжейі арнайы өткен брифингте баяндалды. "Не молчи" қоғамдық қорының араласуымен сұмдық деректердің беті ашылды. Сол күні белсенді Айсана Әшім «16 жастағы қызды 1000 еркек зорлағанын» айтып дабыл қақты. Бұдан бұрын оқушыны секс-құлдыққа салған 13 адам бары айтылған. Жәбірленуші қыздың анасы Ulysmedia.kz-ке сұхбат беріп, іс бойынша 200 адам тергеліп жатқанын айтқан.

Өткен айда ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха іс бойынша 13 фигурант анықталып, олардың 11-і қамауға алынғанын хабарлаған еді.

Ал таяуда істегі сотталушының біріне үкім шықты. Соттың мәліметінше, сотталушы Т. кәмелетке толмаған жәбірленушіні ар-намысына тиетін ақпарат таратамын деп қорқытып, одан 700 мың теңге талап еткен, сондай-ақ сөмкесіндегі 35 мың теңге ақшасын алып кеткен. Ресми мәлімет бойынша, ол сотталушы 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған.

Как 1win kz устанавливает коэффициенты и маржу: секреты букмекерских ставок
РУХАНИ ТАҒЫЛЫМҒА ТОЛЫ ДӘРІС
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу