Грант алып, балық асырап отыр
Ел экономикасы мен адамдардың тұрмыс сапасын арттырып, бизнестің тұрақты көзі болатын саланың бірі – балық шаруашылығы. Біздің еліміз балық қорына бай. Каспий теңізін қоспағанның өзінде су тоғандарының жалпы ауданы 5 млн гектар шамасында. Бұл жерлерде балық өсіру мен балық аулауды қарқынды дамытуға қолайлы жағдайлар жасалған. Кеңес Одағы тұсында республикада арнайы балық шаруашылығы министрлігі құрылып, жүйелі мемлекеттік саясат қалыптасқан болатын. Балық аулау мен балық өнімдері өндірісінің жалпы көлемі кей жылдары 111 мың тоннадан асқан. Мұндағы адамдар осы салада тұрақты жұмыспен қамтылып, табысты еңбек етті.
Қазір балық шаруашылығының осы мүмкіндігі толық пайдаланылмауда. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары экономиканың жетекші саласы болған балық шаруашылығына жете көңіл бөлмегендіктен бұл сала құлдырауға ұшырады. Қазір де сол жағдайдан шыға алмай келеді. Алайда, елімізде соңғы жылдары балық шаруашылығына көңіл бөліне бастады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы да «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында балық шаруашылығына ерекше көңіл бөлу қажеттігін айтқан болатын.
Балық шаруашылығы – экономикалық өсудің және халықты жұмыспен қамтудың негізі ретінде экономикадағы маңызды салалардың бірі. Балық шаруашылығындағы негізгі қызмет – балық аулау және жасанды балық өсіру. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, Қазақстанның табиғи су айдындарында жыл сайын шамамен 40-45 мың тоннадай балық ауланады. Бұл көрсеткіш жыл сайын өсіп келеді.
Түркістан облысында бүгінде балық шаруашылығымен айналысатын жеке кәсіпкерлер қатары артып келеді. Жеңсік асқа әрдайым сұраныс кемімейтіні анық. Нарыққа шыққан балықтың жерде қалмайтыны тағы бар. Бүгінде Түркістан облысы жасанды көлдерде балық өсіру бойынша елімізде көш бастап тұр. Өңірімізде тауарлы балық өсіруге жарамды 134 өзен-көл бар. Оның ішінде 88 жергілікті маңызы бар су айдыны балық шаруашылығы мақсатында табиғат пайдаланушыларға берілген. Өңіріміздің тауар өндірушілері жылына 2 мың тоннадай балық өнімін Әзербайжан, Грузия, Израиль, Ресей, Қытай және Өзбекстанға балық экспорттайды.
Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданындағы балық өнімдерін өндіру шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Әсіресе ауданда мемлекеттен берілетін қайтарымсыз грант арқылы балық шаруашылығын қолға алып отырған кәсіпкерлердің қатары артуда. Мамандардың айтуынша Сайрам ауданында 86 адам 127 миллион теңгеге жуық қайтарымсыз грант қаржысына кәсібін дөңгелетіп отыр.
Солардың бірі Айбек Жұмабек биыл балық шаруашылығын бастады. Төңіректе мұндай шаруашылық түрімен ешкім айналыспағандықтан жаңа кәсіп үтрін қолға алуды шешіпті. Ол бүгінде 10 мыңнан астам балық өсіріп отыр.
Шаруа қожалығында балық өсіруге қажетті құрал-сайманы түгел , барлық жағдайлар жасалған. Ең бастысы шабақтарға оттегі беріп тұратын аппарат орнатылған. «Бассейнге құбыр арқылы құйылып отыратын суды да реттеп отыру қажет. Айталық қай бассейнге су көбірек қажет қайсысына аз су керек дегендей. Әрине балығы көп бассейнге суды көбірек құямыз. Одан кейін құбырдан аққан суды бассейге бірден құя салмаймыз. Міндетті түрде ұсақ қоқыстарды ұстап қалу үшін тор орнатады және үлкен тастар қояды. Ол тастың қызметі су арқылы келген онша-мұнша заттарды жарып тастайды. Сондай-ақ бірнеше қабаттық торлар судың құбырдан бассейнге түсу уақыты аралығында зиянды газдарын шығарып отырады және су бассейнге шашыратылып құйылады. Бұл балықтардың тіршілігі үшін өте маңызды. Себебі судың құрамында газы көп болып кетсе балықтарға зиян келтіреді. Мұндай жағдайда олардың көздерін үлкейіп кетеді екен»,- дейді қожалық иесі.
Алдағы уақытта Айбек құбырдан келетін суды бассейнге төгу үшін арнайы үлкен сатылы науа жасамақ. Ол науаның түбіне тастарды салынады. Яғни су бірінші науаға, одан кейін төмендегі науаға, содан соң тағы да төмендегі науаға сатылап құйылып тұрады. «Балықтарға ағыс қажет. Денелері қозғалыста болмаса болмайды. Олар ағысқа қарай жүзген сайын денелеріне жаттығу жасап отырады. Бұлшықеттері қимыладаған сайын өсулері де тез болады»,- дейді судағы тіршілік иелерін әбден зерттеген кәсіпкер.
Әрине шығынсыз кәсіп болмас. Балық шаруашылығының да шығын болады. Айталық шабақтардың барлығы дерлік өсіп кетпейді екен. Шаруаның айтуынша кейде 30-40-қа дейін шабақ өліп қалады екен. Оның басты себептері оларға оттегі дұрыс берілмеген жағдайда және суда инфекция болса балықтар өліп қалады.
Кез-келген кәсіпті алғаш бастаған кәсіпкер міндетті түрле қателіктерге бой алдырады. Қателіктер арқылы шыңдалып, сол саланың қыр-сырын үйренері анық. Айбектің де басынан мұндай жағдайлар өтіпті. «Тәжірибе жүре келе пайда болады ғой. Алғашқыда суды тазартудың қыр-сырын біле бермегендіктен суда инфекция пайда болды. Ол инфекеция туралы мен білмеппін. Соның салдарынан біраз шабақтарым өліп қалды. Сол кезде байқағаным суда инфекция болатын болса балықтар жүзбей бұрыш бұрыштарда тұрып қалады екен. Жүзуді, тамақ жеуді тоқтатады. Балықтарда адамдер секілді ауырады, мазасызданады»,- дейді ол.
Қателігінен сабақ алған кәсіпкер қазір суды тазартуды, қадағалуды үйренген. Бассейнге су ағызу бір сәтке де тоқтамацды, 24 сағат бойы ағып тұрады да бассиеннің келесі бөлігінен сыртқа ағызылады. Осылайша су әрдайым таза болады әрі балықтарға ағыс пайда болады. Дегенмен бассейн белгілі бір уақытта тазалауды қажет етеді. Кәсіпкер әзірге бассейнді ішінен тазалайтын аппарат алмаған. Балықтарды басқа бассейнге көшіру арқылы екінішісун тазалап, жөндеп алатын көрінеді.
Балық өсіру оңай емес. Себебі оған да күтім қажет. Балықтың сау болуы оның өмір сүріп жатқан суына байланысты. Сондықтан ең бірінші кезекте тоған, бассейндегі суды ерекше баптау қажет. Ол үшін кәсіпкер суды тазартатын, түрлі инфекциялардан сақтайтын, құрамын жақсартатын арнайы сутегі асқын тотығы, фармолина секілді дәрі-дәрмектерін алған. Қажет кезде, мөлшерімен суға қосып, суды тазартып отырады. Бұл дәрі-дәрмектердің құтысы кішкентай болғанымен, ақшасы «үлкен» дейді ол. Балықтарға арналған антибиотиктер Түркия елінен келеді. Ол балықтарда кездесетін түрлі аурулардың алдын алады. Сондай-ақ тәбет аштыратын дәрумендерін де уақытылы беріп отырады.
Шаруашылықтың иесі балықтарға жемін күніне 3 мезгіл беріп отырады. «Негізі балықтардың қарнын аштырып барып тамақтандырған дұрыс. Алғашқыда 4 мезгіл беріп жүрдім. Бірақ балықтардың қарны онша ашпағандықтан жемейді, ал жемнің көбісі су астына түсіп кетеді. Жем ысырап болады»,- дейді қожалықтың басшысы Айбек.
Кәсіпкердің айтуынша балыққа арналған жемдер Польше елінен келеді екен. Балыққа арналған жемдерді еліміздеде өндіретін цехтар бар. Дегенмен балық өсіруші таңдаулы, сапалы Польшаның өнімін таңдапты.
Бүгінде мұндағы бассейндерде фарель, бекіре балықтары бар. Олардың қазір салмағы 4 грамнан 20-30 грамға дейін жетіпті. «Фарельді алған біз суық суды қолданамыз. Себебі бізде көл, тоған жоқ. Жер асты суымен өсетін болғандықтан мұздай суға бейімделген балық керек болды. Сондықтан фарельді таңдадық. Бекіре балығым көп емес. 150 данасын ғана бассейнге жібердік. Мұндағы мақсатым оны өсіруді әзірге үйрену, тексеріп көру болды. Алдағы уақытта сазанды да өсіру ойда бар. Білім алған жерімізде сазан болсын, фарель, бекіре барлық балықтардың өсірудің жолдарын, технологиясын үйретті. Сондықтан сазан өсіруге дайынмын. Балық шаруашылығы елімізде енді ғана дамып жатыр ғой. Біз Өзекстанмен салыстырғанда артта келе жатырмыз. Сондықтан балық шаруашылығын қазір дамытуымыз қажет. Менің осы саланы таңдауыма де себеп болған осы жағдай. Балық өсіріп, пайдаға кенеліп қаламын деген ой менде әу баста-ақ болмаған. Отандық өнімді көбейтіп, экспортты дамытсақ деймін. Балық шаруашылығымен айналысамын дейтін азаматтар, тұрғындар болса қолдан келгенше көмек беруге әзірмін. Өз басым осы іске кіріспес бұрын балық бағып отырған түрлі шаруа қожалықтарына барып, олардың жұмысын көзбен бөріп, басшыларымен жүздестім. Осылайша осы салаға қызығушылығым оянды. Сол секілді балық өсуруді үйренемін деушілер болса шаруа қожалығыма келіп, тәжірибе жинақтауына болады»,- дейді нағыз кәсіпкер.
Мұндағы бассейн 5 тоннаға арналған. Кәсібі ойдағыдай жүріп тұрса Айбек бассейнді, балықтарын көбейтіп, қосымша жұмысшыларды алғысы келеді. Кәсіпкер қазіргі уақытта балықты сату емес көбейтуді мақсат тұтып отыр. Ашылғанына бір жылға жуықтаған шаруашылық толық қуатына енгенде шабақтарды өсіріп сатуды жоспарлауда.
Балық еті адам денсаулығына өте пайдалы. Одан жасалатын өнімнен де түсім мол. Қазақстан аумағында Қызыл кітапқа енген балықтар – бекіре, көксерке, шортанның кейбір түрлері сұранысқа ие. Халыққа қолжетімді сазан, дөңмаңдай, сонымен қатар, сүйегі аз, еті дәмді көксерке балығы да өтімді.
Балық өсірушілер сазан, ақ амур, бақтақ түрлерін өсіру тиімді екенін айтады. Олар асырауға қолайлы, шығыны аз, су талғамайды.
Елімізде балық шаруашылығымен айналысушыларға кеңес беретін «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС балық шаруашылығының, оның ішінде гидробиология, ихтиология, аквамәдениет саласындағы барлық сұрақтарға әдістемелік-консультациялық көмек көрсетеді.
Негізінен егер технологияның барлық талаптары ескеріліп, қажетті температура мен дұрыс қорек жасалса, балық тез өседі.
Айта кетейік, ауданда бұдан өзге де шағын балық шаруа қожалықтары бар. Олардың ішінде жұмысы алға басқан, ірі қожалық «Көмеш балық» шаруа қожалығын атауға болады. «Көмеш Балық» иелігіне үлкен 17 көл және кіші 14 көл кіреді. Әрқайсысынан күз айларында 50-60 тоннаға дейін балық өндіріледі. Балықтың сан алуан түрін өсірумен айналысатын мекеме былтыр 700 тонна тауырлы балық өндірген. Биылғы жоспар 1 мың тоннаға жеткізу. Балық өсірудің қыр сырын меңгерген мекеме селекциямен ле айналысады. Мұнда су жәндігінің сан алуан түрін өсіріледі. Жылына 500 тоннаға дейін балық өсіріп шығарады. Тауарлы балық өсіретін шаруашылық 2017 жылы құрылған. Жоба құны – 750 миллион теңге.
Балық басын көбейтумен айналысатын мұндай шаруашылықтар облыс көлемінде көп, Бүгінгі таңда өңірде балық шаруашылығының қуаттылығы жылына 8 мың тоннадан асады. Түркістан облысында балық өсірумен айналысатын шаруашылықтардың саны 224-ке жетіп отыр. Оның ішінде 147-сі тоғанды балық өсіру шаруашылығы болса, 97-сі жаңадан ашылған тоғандар. Мамандар Түркістан облысындағы жасанды су қоймаларында балық өсіру саласының әлеуеті жоғары екенін айтуда. Жалпы өңірде 2030 жылға дейін тауарлы балық өсіру көлемін 20 мың тоннаға жеткізу жоспарланған.
Жалпы әлемде балық шаруашылығы негізгі екі бағытқа бөлінеді. Біріншісі, табиғаттағы, айдын судағы балық қоры болса, ал екіншісі қолдан өсірілген балық. Соңғы жылдары әлемде қолдан өсірілген балықтықтың үлесі артып келе жатыр. Елімізде 2021 жылы «Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030» бағдарламасы қабылданды. Яғни, осы бағдарлама аясында Қазақстан бұрын-соңды болмаған 270 мың тонна тауарлы балық өсіруді қолға алды. Егер сандармен сөйлейтін болсақ, бағдарлама қабылданған 2021 жылға дейін статистикаға сәйкес, Қазақстанда 7 мың тонна балық өсірілген екен. Алдағы 10 жылдың ішінде 40 есеге көп балық өсіруіміз қажет. Ал табиғи жағдайда ауланатын балықтардың көлемі бүкіл Қазақстан бойынша 45-50 тонна шамасында екен. Оның шамамен 25 мыңға жуығы экспортқа шығарылады. Шетелден әкелінетін балықтың жылдағы көлемі 30-40 мың тонна көлемінде, ал Қазақстаннан экспортқа шығарылатын балықтың негізгі түрі – көксерке балығы. Негізгі импортерлар Еуропа мен Ресей.
Елімізде жан басына шақ¬қанда балық өнімдері аз тұтынылады. Ай¬талық, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйы¬мы әр адам жылына 16 кило балық жеуі қажеттігін ескертсе, Қазақстанда бұл кө𬬬сет¬кіш 4 килодан ғана келеді. Бұл көрсет¬кіш көр¬шілес Ресейде 23 кило, Қытайда 45 кило.
Бүгінгі таңда Қазақстанда мыңнан астам балық шаруашылығы субъектісі бар. Оларға 1646 су айдыны мен учаскелер бе-кітілген. Салада 11 мыңнан астам адам жұмыс істейді.
Айта кетейік, балық шаруашылығы 2021 жылдың желтоқсан айында ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінен — ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қарамағына өткен болатын. Басқарма тарапынан балық шаруашылығын субсиядалауға классификатордың кеш ашылуына байланысты жыл басында қаржы қарастыру мүмкіндігі болмаған.