Автоматтандырылған кәсіпорынның өнімдері шетелге экспортталады
Елімізде қай қала, ауылды алсақ та құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Әлеуметтік нысандар, тұрғын үйлер, коммерциялық ғимараттар күн санап жүргізілуде. Мұндай ауқымды құрылысқа әрине бірінші кезекте құрылыс материалдары қажет. Осыдан шамамен 10-15 жылдар бұрын Қазақстан құрылыс материалдардың басым бөлігін шетелден импорттайтын. Ал қазір республикада түрлі құрылыс бұйымдарын өндіретін өндіріс орындары көбейген. Соның арқасында отандық өнімдер импортты азайтып отыр. Керісінше, біздің өнімдер шетел асып отырғандығы қуантады.
Қазақстан құрылыс материалдарының кең спектрін өндіру үшін айтарлықтай ресурстар мен әлеуетке ие. Құрылыс материалдары өндірісінің дамуы импортқа тәуелділікті азайтуға ықпал етеді және жұмыс орындарын құру және инвестиция тарту арқылы жергілікті экономиканы ынталандырады.
Қазақстанның құрылыс саласы әлемдік нарықта, әсіресе өңірлік интеграциялық және сауда бастамалары шеңберінде құрылыс материалдарының маңызды жеткізушісі болу әлеуетіне ие.
Мамандардың зерттеуінше 2020 жылдан 2024 жылға салыстырғанда 13 тармаққа ұлғайған. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ішкі нарық сұранысының 68 пайызын отандық өндірушілер қамтамасыз етеді. 32 пайызы импортталып жатыр. Отандық өндіріс ішкі нарықтың қажеттілігін толығымен қамтамасыз етеді: мысалы, басқа портландцемент, тауарлық бетон, гипс, құрғақ құрылыс материалдары.
Былтырғы жылы Қазақстанның ішкі нарығында тауарлық бетонды тұтыну 19,3 миллион тоннаны құрап отыр, бұл ретте кәсіпорындар осындай өнім көлемін шығарған.
Осы ретте Түркістан облысы Сайрам ауданында жасалған құрылыс материалдары ел нарығын жаулап барады. Қазір ауданда 180 мың шаршы метр газоблок шығаратын мекеменің жұмысы қызып тұр. Осылайша егін және мал шаруашылығы саласында көш бастап тұрған аудан енді құрылыс материалдарын шығаруда да өзгелерден озуды көздейді.
Күннен күнге сұранысы көбейіп жатқан өндіріс орнында ақзір жүзге жуық ауыл азаматы тұрақты жұмыс істейді. Ауданда өткен жылы ашылған «ECO-BUILDING GROUP» серіктестігі газоблок пен бетон бұйымдарының барлық түрін өндіреді. Қазіргі таңда зауыт 62 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Жобаның құны 1 миллиард 26,3 миллион теңгені құрайды. Оның 720 миллион теңгесі екінші деңгейлі банк арқылы несиелендірілген. Заманаиу өндіріс ошағының аумағы 6 гектар болса, зауыттың өзі 2 гектар жерді алып атыр.
Мұндағы жұмыстың бастауы өндіріс алаңқайынан басталады. Мамандар тәулігіне 365 тонна құм мен судан газоблок жасап отыр. Оған тағы әкті қосыңыз оның арасында тағы алюминді ұнтақ та бар. Ол қоспаның ашытқысы саналады. Өндірістегі жұмыстың көбін адам емес автомат істейді. Яғни зауыт адам күшін аса қажет етпейді. Ал мамандар әрбір шикізатьы терең өңдеуден өткізеді. Мұндағы ұнтақтағыш құрал құмның өзін майдалайды. Майдаланған құм сумен араласып оған арнайы қажетті көлемде гипс салынады. Ең алғашұы кезеі дәл осылай жүзеге асырылып, келесі бөлімге жөнелтіледі.
Өндіріс толықтай ленталы станокта жүзеге асырылады. Жартылай дайын өнім бір қалыпқа құйылып, қоспалар араластырылады. Одан кейін кептіріліп, керекті өлшемге кесіледі. Ал соңғы кезеңде қалыптағы өнімді мамандар 280 градустық пеште 12 сағат пісіріп алады.
Газоблок – қазіргі заманғы әмбебап құрылыс материалы. Бүтіндей бір ірі кешенді құрылыстың міндетін тиімді, сәтті шешеді. Газобетонды блоктар түрлі өлшемдегі ғимараттарды сондай-ақ қала сыртындағы шағын үйлер мен аспан тіреген зәулім үйлердің құрылысы мен демалыс және сауда орындарының каркасты негіздеріне салуға көмектеседі. Газоблок ұзаққа төзімді, өрке қауіпсіз, экологиялық тұрғыдан қауіпсіз, жылуды сақтау сипаттамасы жоғары, аз ғана үлес салмағы бар, түрлі өңдеулерге ыңғайлы құрылыс материалы болып табылады. Көп ретте орта жағдайдағы азаматтардың коттедж құрылысын тұрғызуға кететін шығын мөлшерінің қалта құнына сай келеді. Аталған материалдан құрылыс технологиясын жүргізу аса қиындық тудырмайды. Арнайы құрылыс жүргізу білім жоқ азаматта өз қолынан шағын қабатты үйдә немесе қандай да бір құрылысты ешкімнің көмегінсіз өзі тұрғыза береді. Осы материалдан құрылыс жүргізу шығынды азайтады, бөлмеаралық қабырғалар мен қабырғаларды қалаудағы түрлі құрылыс операцияларды оңайлатады. Ең бастысы құрылысқа кететін шығын мен уақытты қысқартады. Газоблок қуысты бетон туындылары қатарынан. Бұл туындыға пеноблок пен әуеленген жеңіл бетондар да жатады. Аталған бетондардың негізгі сиапттамасы – қуысты құрылымы болуы. Материалдың 85 пайызын газды көбік құрайды. Сондықтан қуысты бетон жңіл көлемді салмақта болады. Газоблок суден, әктастан, цемент және кварц құмынан жасалады. Барлық құрам компьютерді өлшемнен өтеді. Газобетон қорытпалы бұлғағышта 4-5 минут шамасында «қамыр» жасалып, ол барынша ұқыпты ререптілік компонентерімен араластырылады. Содан соң алюминий опасы бар шамалы сулы суспензия қосылып ол әктаспен реакцияға түседі. Реакция арқылы сутегі 0,5-2 мм дейінгі үлкен қоймалжың біркелкі шикізатты материал шығарады. Алюминилі паста ұосылған соң езбені үлкен арнайы металл ыдыста араластырады. Осы кезде қоймалжың құрамда көтерілу процесі өтеді. Химиялық реакцияны жеделдете отырып, жартылай өнімдердің өзара жасалымы үшін қозғалтқыш жүктеуді үстемелейді. Газоблок алдын ала белгілі бір жетілімге жеткен кезде сымды кескішпен біркелкі келмеген жерлерін кесіп тіледі. Қалған массаны блоктарга теңдей етіп бөледі. Алынған өнім автоклавта жылу сіңіріліп өңделеді. Одан соң арнайы фрезерлік машина көмегімен калибрленеді. Қорытынды кезеңінде жұмысшылар фасадты қабатына түзеу жұмыстарын жүргізеді.
Заманауи технологияларды қолдану газоблоктың түпкілікті қатаюына, абсолютті бірыңғай дайын материал жасалуына әкеледі. Сондықтан Газоблоктың тігі мен көлденеңінің қасиеті бірдей.
Мұхтар Темірбай кәсіпорын ашылғалы осында жұмыс жасайды. Ол оператор қызметін атқарады. Өндірілген бұйымдарды басқару тетігі арқылы кесіп-пішіп отырады.
«Менің бұл жердегі міндетім газоблоктарды бөліп, жинау. Жұмысты негізінен автомат қондырғылар атқарады. Мен сол қондырғыны басқарып, қажетті тетіктерін ғана басып отырамын. Зауыттағы жұмысым өзіме ұнайды. Жұмысшыларға барлық жағдайлар жасалған. Жалақымызды тұрақты түрде беріп отырады»,- дейді зауыт операторы Мұхтар Темірбай.
Автоклавты өңделу кезеңінде – газоблоктың қасиеті одан сайын жетіліп, мығымдана түседі. Бөлінген қалыптағы газоблоктар арнай автоклав камераларына орналастырылады. Одан соң жоғары қысымды қаныққан су буымен (12 кг/см) 190°С температурада 12 сағат бойына өңделеді.
Автоклавты қатаюдан өткен газоблок өте төзімді, әрі отырыс бермейді, бірыңғай құрылымды болып, құрылыстың түрлі нысандарына қолдануға ыңғайлы, әрі дыбыс жұтылымы мен жылусақтағыштық қасиеті де жоғары. Автоклавты қатаюда газоблоктың жылу өткізгіштік коэфиценті – 0,09-0,18 Вт/(м•°С) көрсеткіште болады. Газоблоктың бойындағы мұндай жылу сақтағыштық қасиет Ресейдің климаттық жағдайында сыртқы қабырғаны ені 375-400мм газобетонмен бір ғана реттік қабатпен тұрғызуға әбден болады. Және қосымша жылыту қабатын жүргізу қажет емес.
Газоблокты автоклавсыз дайындау әдісі де бар. Мұндай жағдайда қатаю табиғи қалыпта өтеді. Газоблоктың автоклавсыз өндірісінде заманауи технологиялық жабдық қажет етілмейді. Газоблоктың автоклавсыз қатаюының мығымдылығы кем болады. Автоклавсыз қатаюдан өтпеген газоблоктың отыруы 3- мм/м, автоклавтылар – 0,3-0,5 мм/м. Автоклавты газоблоктың төзімдігі - 28-40 кгс/м?, ал автоклавсыз газоблоктардыкы - 10-12 кгс/м?.
Автоклавты өндіріске қарағанда, автоклавсыз өндіріс сирек болады. «АЗАГ» заводынан өндіріліп шығатын автоклавты өңделуден өткен газоблоктер, технологиялық процестің міндетінен өткен сенімді құрылыс
Зауыт жылына 150 мың текше метр өнім өндіруге қауқарлы.Мекеме газоблок пен бетон бұйымдарының 4 түрін шығарады. Қазіргі таңда 62 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Газоблоктың қасиетінде, оның аз ғана көлемді массасы коттедж құрылысына пайдалануда барлығы - 400-500кг/м, яғни - 38-40кгс/м жоғары сығылу беріктікті құрайды. Газоблоктар шағын қабатты каркассыз салынатын биіктігі 14 метрлі үйлердің ішкі сыртқы қабырғаларын қалауға да ыңғайлы әрі тиімді. Газоблоктың ұзаққа төзімділігі кәдімгі кірпіштің пайдалану мерзімімен бірдей. Өндірушілер сақтандыруды - 80 жылға береді. Аталған материалдан қаланған қабырғаның төзімділігі одан әріге барады, ешқандай бұзылуға жол бермейді және материал қасиеті өзінің негізгі сипатын сақтайды.
«Өндірі отырған автоблокты газоблок құрылыс нормативтеріне сәйкес келетін, бүгінде құрылыста кеңінен қолданылып отырған алдыңғы қатарлы, сұранысқа ие өнім болып табылады. Көп қабатты үйлерге, «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша салынып жатқан білім ошақтарының құрылысына осы материал қолданылуда. Біз сертификаттық тексеруден өткенбіз»,- дейді «ECO-BUILDING GROUP» серіктестігінің директоры Мадиярбек Даурбаев.
Мұнда тәулігіне 500 шаршы метр газоблок жасалады. Бас-аяғы 90 маман дайын өнімді Түркістан облысынан бөлек көрші Қызылорда, Жамбыл облыстарына дажөнелтеді. Осылайша сайрамдық газоблок оңтүстік өңірдің көпқабатты үйлері мен нысанларында кетігін тауып қаланып тұр.
Газоблоктың бойындағы ұсақ қуыстар қандай да болсын ауаға төзімді ең бастысы жылусақтағыш қасиеті жоғары. Газоблоктан үй қабырғаларын тұрғызу құрлыс нормасының талаптарына сай келеді. Тұрғын үй мен қатар қоғамдық ғимараттар салуға да рұқсат етілген. Құрғақ газоблоктың жылуөткізгіштігі 0,12 Вт/м•°С құрайды. Газоблоктың салмақ көлемі аз болған сайын оның жылуды сақтау сипаты жоғарылай түседі. Қазіргі кезде жеке үй құрлысы мен коттедж тұрғызуда конструктивті-жылусақтағыш 400-ден 600 кг/м көлемге ие газоблоктерді қолданылуда. Олардың жеңілдігі – төзімділік пен жылусақтағыштық қасиетінің молдығы негізге алынуда.
Газоблок беттерінің тегіс әрі дәл геометриялық өлшеміне қарай өте жұқа қалау технологиясына пайдалану тиімді. Осындай қалау технологиясымен салынған үйлердің қабырғалары монолитті қабырғалардың мықтылық қасиетіне жақындауда. Кірпіштер арасындағы саңылау бар жоғы 1-3мм шамада, сондықтан «суық саңылауын» болдырмайды, газоблок бойынан жылу жоғалмай сақталады. Газоблоктың жылуды жіберіп алуы төмен болғандықтан оның жылу инерциясы аз болады. Кірпіштен салынған үйге қарағанда, газоблоктан салынған үй аз уақытта тез жылынады.
«Газоблок экологиялық таза құрылысқа қажетті өнім болып саналады. Басқа құрылыс кірпіштеріне қарағанда бұл жеңіл болып келеді. Тез құрастырылады және шығын да аз болады. Кафель жабыстыруға арналған желіммен жабыстырыла береді. Жылу ұстағыш қасиеті ие. Сондықтан қабырғаны қосымша жылу ұстағыш материалдармен қаптаудың қажеті жоқ. Газоблок отқа жанбайтын табиғи минералды шикізаттан дайындалады, ол жануға көнбейді әрі мүлде отты қабылдамайды. Оттың әсеріне 3-7 сағатқа дейін шыдас береді. Металл конструкцияларды оттан қорғауға қабілетті. Газоблок материалы қатты мұздануға бой алдырмайды, судың әсерінен аязданбайды суды бойына сіңірмейді және қалпын сақтайды. Газоблокты 8 сағат суға салып, одан соң 8 сағат тоңазытқышқа қойып сынаған. Бұл сынақтың бір ғана циклы. Сынақ бірнеше қайталанып, осылай жүргізіле береді оның массасы мен төзімділігі өзгергенше. Газоблоктың бойында мыңдаған ұсақ қуыстар бар, осы қуыстар аяздану кезінде су мен мұзды итеріп шығарады. Осындай 100циклдік аяздануда газоблоктың қалпы сақталынады. Салыстырмалы түрде: кірпіштің аязға төзімділігі Орталық өңірлерде құрылыстық 15-25цикл, ал беттікте – 50цикл. Пенобетон 35-ке дейінгі циклді аяз төзімділігін көтереді»,- дейді кәсіпорынның коммерциялық директоры Шыңғыс Шырынбеков.
Газоблокты құрылысқа пайдаланудағы ең басты үнемділік алдымен іргетасқа түсетін салмақты азайтады. Жұқа қалау әдісі, дәстүрлі қалаумен салыстырғанда қалау сылағын алты есе азайтады. Құрылысқа кететін еңбек көлемінің ауырлығын төмендетеді. Бір газоблок 15-20 кірпішті ауыстырады. Жұмысшылар газоблок қабырға қалауда, кәдімгі кірпішті қалауға қарағанда 15-20 есе аз қалау операцияларын орындайды. Газоблок аз көлемді салмақты құрайды. Сондықтан газоблокты қалау жұмысына көтергіш механизмдерді қолданбайды. Бұл еңбек ауырлығын азайтады. Газоблоктан қабырға қалау жылдамдығы жай кірпішті қалағаннан төрт есе тез. Ал құрылыстың бағасы мұндайда төмендейді. Газоблокты технологиялық тұрғыдын дайындап жасап шығаруда тек экологиялық таза компонентер қолданылады. Дайын инертен материалы таза, қоршаған ортаға ешқандай залалды қоспаларды шығармайды және денсаулыққа мүлде зияны жоқ. Өз бойындағы қуысты құрлымына сай «демалғыш» қабілеті бар, сондықтан табиғи ағаш материалымен ұқсас келеді және өлшемі жағынан да жақын әрі төзімділігі ұзақ, монтаждауда жеңіл тиіп, өз өлшемін жоғалтпайды, температураның оқыс өзгерісі мен ылғал әсер етпейді, ең бастысы қалпын жоғалтпайды. Қуыстар арқылы газоблок әрдайым газ бен бу бөлуін алмастырып отырады. Бумен залалды заттар сыртқа шығарылады, ал даладан үй ішіне таза ауаны ауыстырады, сондықтан газоблоктан салынған үйлер еркін әрі жеңіл демалады. Газоблоктан тұрғызылған қабырғадан әрқашан жылу білініп тұрады. Материалдың төмен жылу өткізгіштігіне байланысты адамнан жылуды аластатпайды, қайта жылудың болуын сақтайды. Артық ылғалды сыртқа теуіп, газоблок «дем алады», сондықтан газоблокты қабырғада бүліну мен зеңге, саңырауқұлақтануға ұшырау мүлде болмайды.
Газоблокты өндірушілер қосымша конструктивті элементтерімен ені 50 ден 500 мм-ге дейін кірпіш өндіреді. Газоблоктың ең қалың қабырғасы 350-400 мм құрайды әрі бұндай қабырға өлшемі Ресейдің өз алдына климаттық ерекшелігі бар орталық өңірлеріне жарамды келеді. Әрі газоблоктан салынатын үй бір қабат болып өріледі. Газоблоктан үй тұрғызғанда қосымша жылылау материалдары қолданылмайды. Бұл құрылысты шапшаңдатып, құрылыс шығын төмендетеді. Газоблок қолмен де арнайы құралмен де жеңіл өңделеді. Оны кесуге де, жаруға да, бұрғылауға да болады. Газоблокты қоларамен де, электрлі арамен де бөліп, кесе беруге пайдалануға ыңғайлы. Арматура темірін салғанда газоблоктың ортасын шұңғылап ою үшін электрбұрғыға киілетін арнайы қондырғыны кигізіп қолданады. Электр жүйелерінің нүктесін жасау үшін электродрель қолданылады. Егер газоблокты доғалдап жону қажет болса, онда бұл фигураны ленталы шлиф-машинаны қосу арқылы жасауға болады. Газоблок ішкі жұмыстарға және декоративті материал ретінде түрлі сәнді бағандар мен тұғырлар, декоративті безендірулерге қолданылады.
«Газоблокты басқа да қуысты кірпіш түрлерімен шатастырулар бар. Солардың бірі – пеноблок. Бұл екі құрылыс материалының айырмасы олардың өндірілуінде. Екіншіден ішкі құрылым компонентері мен соңғы өнімнің жасалған сипаттамасында жатыр»,- дейді Шыңғыс Шырынбеков. Пенобетонның негізгі шикізаттық құрамы газоблоктың құрамымен ұқсас келеді. Пеноблокты өндіргенде де су, цемент, известь қолданылады. Жасалу құнын арзандату үшін кварцтік құмның орнына көбіне өндірістік қалдықтарды, оның ішінде, шлактар, күл қоқыстарымен домен пештерінің шлактарын қолдану бар. Қуысты көпіршіктерді тудырушы материалдар тағы да өндіріс қалдықтары. Көпіршіктерді туғызу үшін сулфиттік және сабынды көпіршіктер мен тері илеу өнеркәсібінің былғары илеу сығындылары т.б. қолданылады.
Пенобетон өндіру үшін күрделі құрылымы бар құрылғылар қажет емес. Автоклавты өңдеу материалы қарапайым жағдайда табиғи қалыпта ауада «жетеріне» жетіп өңделмейді. Пенобетонның қарапайым тәсілмен, қолдан жасаумен өңделуі сапасыз өнімнің шығарылуына жол беріледі. Пенобетонның өнеркәсіптік өңделуі автоклавты қолдануды қосумен жүргізіледі. Автоклавты өңдеу оны құрылыста қолданудың маңызын арттыра түсіп, бағасын көтере түседі. Автоклавты пенобетонның бағасы газоблоктың бағасымен салыстыруға болады.
Пенобетонды технологиялық жолмен құрамын толықтай талап бойынша сақтай отырып, дайындап шығарғанмен, ол көпке шыдай бермейді, төзімсіз келеді. Оны дайындау да күрделі. Шикізаттың түрлілігі мен өндіріс қалдықтарының қолданылуы материалдың экологиялық қауіпсіздігін төмендетеді. Газоблоктар мен пеноблоктар сырт қарағанда ұқсас болғанмен жылуды сақтау мен бөлуде түрлі айырмашылыққа ие болады. Газоблоктың жылуды сақтау дәрежесі жоғары. Газоблокты қабырғаның 400 мм қалыңдығы жылуды сақтауға жеткілікті. Ал, пеноблоктың жылусақтауы -600мм деңгейге жетпейді.
Пенобетонның тағы бір айырмашылығы пайдалану процесінде көп отырып, қабырғада жарықшақтардың пайда болуына әсер етеді. Ал газоблок қай уақытта болмасын өзінің пішінін өзгертпейді де сапасын сақтайды. Газоблокты пайдалану процесінде небәрі әрі кетсе 0,3 мм/м шамасында отыруы мүмкін. Ал пеноблоктың газоблокқа қарағанда отыруы он есе көп 2-3 мм/м құрайды. Сондықтан пенобетонның ылғалдануы газоблоктан бірнеше есе жоғары. Пеноблокты дайындауда техникалық тұрғыдан мықты геометриялық пішін мен тегіс бетті етіп шығару мүмкін емес. Пеноблокты қалағанда жұқа тігісті қалау технологиясын ұстануға болмайды. Әр кірпіштің арасына сылақ толтырылған көп орын қалдыруға болмайды ол «суық белдеулер» болып, пеноблоктардың жылусақтау қасиетін одан сайын төмендетеді.
Газоблоктар дайындайтын ірі кәсіпорындар газоблоктармен қатар қосымша түрлі стандарттағы элементтерді де дайындап өндіреді. Типтік өлшемді пеноблоктар шамалы. Қосымша типтік пеноблоктардың құрылыстық элементтері өндірілмейді. Кейде пеноблоктарды өндірушілер пеноблоктардың ылғал мен суды бойына сіңірмейтінін, ылғалды тартпайтынын оны суға батпайтынымен салыстырып көрсетіп дәлелдеулері бар. Материалдың суға батпай көп су бетінде қалқып тұруының себебін оның ылғалды бойына тартпайды деп көрсетеді. Пеноблоктағы көпіршектер бірімен бірі ішкі қоспада бірі мен бірі тығыз бірілікте бола алмайды, ал газоблокта олар өзара қуысты болып тығыз орналасады. Сондықтан су газоблокқа тез кіреді.
Ылғалды ортада шынайы көрсеткіштерге нақты көз жеткізу қиын, ал тәжірибеде суда пеноблоктың қалқуы – шынайы көрініс. Әрине бірақ суды жұқтырғанмен шындық жағдайында оның тез бойына сіңірмеуі нақты газоблоктың ылғалды тұтастай жинамайтыны белгілі. Пенобетонның бойындағы қуыстардың бір деңгей де болмай түрлі-түрлі ірілікті құрауы ылғалды жинап әкелуіне одан соң оның ұзақ сақталуына әкелетіні айқын. Сондықтан пеноблоктың қолданудағы сипатында ылғалды ұстауы шапшаң әрі үлкен қуыстарын кіріп тұрақтауы көбірек.
Пенобетонның бағасы газоблокқа қарағанда 20-25% -ға арзан, себебі пеноблоктағы ингредиенттер арзан. Сондықтан пеноблокты сатып алуда сапасыз материалдарға тап болу көп кездеседі. Себебі қолдан жасалған әрі сапасыз құрамы құрылыс материалы болып саналмайды. Газоблок дыбысты жақсы тұтады. Аязға беріктігі – 100 циклды құрайды. Яғни пеноблокқа қарағанда газоблоктың аязға беріктік сапасы үш есе (35 циклден аса).
Газоблок пен пеноблокты бірі бірінен сырттай тез-ақ айыруға болады. Газоблок ақ түсті болып келеді, әрі бір жарым есе пеноблоктан жеңіл сонымен қатар түзу геометриялы болып келеді. Көп болса, 1мм-дей болар болмас ауытқу болуы мүмкін. Арасын кесіп қарағанда ұсақ қуыстар біркелкі өлшем мен пішінді құрайды. Пеноблоктар сұр-қара түсті әрі ауыр келеді. Ауытқуы паралелді жақтарға 10 мм дейін шамада. Кесіп қарағанда арасындағы қуыстары түрлі өлшем мен пішінді құрайды.
Алдымен қабырға тұрғызудан бұрын газоблок белгілі бір ғимаратты жылылауға арналған материал болған, бірақ көптеген жобалаушы мамандар мен құрлысшылар құрылысты салуда оның ыңғайлы әрі түрлі өңдеуге де ұсынақты, беріктігіне көз жеткізіп, құрылыстағы қолдану аумағы кеңейе түсті. Қазіргі кезде газоблокты шағын қабатты үйлерді тұрғызуға, ішкі қабырғалар мен сыртқы қабырғаларды қалауға, тіпті табалдырық пен түрлі құрылыстық нысандарға кеңінен пайдаланылады. Кей жағдайларда әлі де үй қабырғаларын жылылауға да пайдаланады. Биік қабатты үйлер құрылысында қабырғаны толтырып тұрғызу үшін каркасты негіз ретінде пайдаланады. Газоблоктан көлемді сауда орындары мен қоғамдық ғимараттарды, көпшілік демалыс орындарын салуға кеңінен пайдаланады. Ескі ғимараттардың қабаттарын жоғарылату үшін де, мансард салуға, дыбыстық қорғанысы мен жылылау үшін кез келген жөндеу жұмыстары мен іргеден ылғал келтірмейтін берік материал ретінде қолданылу аясы кең.
Сайрамдық материалға сұраныс көп. Былтыр Түркістан облысында 3 мың отбасыға салынған көпқабатты үйлердің басым бөлігінде осы газоблоктар қаланып тұр.
Айта өтейік, кәсіпкерлік нысанның өнімдері Шымкент, Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарына сатылып жатыр. Алдағы уақытта Қырғыз еліне экспорттау көзделіпті. Бұл бойынша жауаптылармен арнайы келіссөздер жүріп жатыр дейді зауыт басшысы.
Статистикалық мәлімметерге сүйенсек Қазақстанда құрылыс материалдарын өндіру көлемі 2024 жылғы қаңтар маусым ішінде 534,9 миллиард теңгені құраған, бұл атаулы мәнде өткен жылғы ұқсас кезеңнен 3,9 пайызға төмен (556,6 миллиард теңге). Өнімнің нақты көлемінің индексі ағымдағы жылғы қаңтар-маусымда 92,8 пайызды құрады. Заттай мәнде өсу келесі тауарлар бойынша байқалады: - қож, минералды мақта (+47,8 пайыз); - отқа төзімді бұйымдар (+12,2 пайыз); - бетоннан жасалған құрастырмалы құрылыс конструкциялары (+8,1%); - гипсокартон (+3,5 пайыз). Құрылыс материалдары өнімдерінің экспорты быилғы жылғы қаңтар-мамыр ішінде өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 14,4 пайызға ұлғайып, 105,5 миллион АҚШ долларын құрады. Заттай мәнде экспорт көлемі 5,1 пайызға төмендеп, 537 мың тоннаны құрады, ал өткен жылдың осы кезеңінде ол 565,7 мың тонна деңгейінде болды. Экспортқа арналған негізгі ТОП-елдер: Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан. 2024 жылғы қаңтар-мамыр ішінде отандық нарыққа құрылыс материалдарының импорты 437,8 миллион АҚШ долларын құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,5 пайызға төмендеді. Заттай мәнде тауарлар көлемі 1 098,9 мың тоннаны құрап, 2023 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 8,6 пайызға қысқарды. Импортқа арналған негізгі ТОП-елдер: Ресей (41 пайыз), Қытай (26,4 пайыз) және Өзбекстан (6,1 пайыз). 2024 жылғы қаңтар-мамыр ішінде Қазақстан Республикасындағы құрылыс материалдары нарығының көлемі 1 285,6 миллион АҚШ долларын құрады, бұл ретте ОТӨ үлесіне 65,9 пайыз, импорттық өнімнің үлесіне 34,1 пайыз келеді.
Сайрамдағы зауыт осылайша ауданның ғана емес облыс, республиканың экономикасын дамытуға, отандық өнімнің үлесін арттыруға және экспортты ұлғайтуға өз септігін тигізіп отыр.