«Мұрагерлердің рұқсатынсыз»: Шәмші Қалдаяқовтың келіні театр директорларын сотқа бермек
Аңызға айналған тұлға Шәмші Қалдыаяқовтың келіні театр директорларын сотқа тартылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінде "Креативті индустрияны дамыту" тақырыбында өткен отырыста мәлімдеді.
“Еліміздің театрларында жиырма жылдан аса уақыт бойы "Сыған серенадасы" пьесасы қойылып жатыр, мұрагерлердің рұқсатынсыз. Мұрагерлер ол оқиға жайлы бірнеше рет айтылған, нақты айтқанда, Шәмші Қалдаяқовтың сығандардан таяқ жегені шындыққа жанаспайтынын айтты. Осы жерде отырған театр директорларына соңғы мүмкіндік беремін. Екі аптадан кейін оларды сотқа барамыз, – деді марқұм сазгердің келіні.
Сөзінше, Шәмші Қалдаяқовтың мұрагерлері туындының желісін шындыққа сәйкес келмейді деп сынап, бірнеше рет наразылық білдірген. Пьесадағы композитордың сығандардан таяқ жегені туралы эпизодтың ойдан шығарылғаны және марқұм сазгердің беделіне нұқсан келтіретіні айтылған еді.