«Шайн мускат» жүзімі тексеруден өтті: Сараптама қорытындысы шықты

Oinet.kz 21-11-2024 856

Ауыл шаруашылығы министрінің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК-тегі мемлекеттік инспекция комитетінің Республикалық өсімдіктер карантині орталығының қызметкерлері карантиндік фитосанитариялық бақылау кезінде жүзім үлгілеріне зертханалық сараптама жүргізді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_7.jpg

"Карантиндік фитосанитарлық қорытындыға сәйкес карантиндік зиянкестер табылған жоқ", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» РМК-ның Абай ауданы бойынша филиалы (Қытай Халық Республикасымен шекарада) Shine Muscat нитратының құрамы бойынша зерттеу жүргізілді, оның қорытындысы бойынша өнімдегі нитрат мөлшері 13,7 мг/кг құрады, бұл осы өнім үшін рұқсат етілген көрсеткіш.

Естеріңізге сала кетейік, өсімдіктер карантинінің негізгі мақсаттары:

    1) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден немесе карантиндік объектілердің карантиндік аймағынан кіруден немесе дербес енуден қорғау;

    2) карантиндік объектілерді анықтау, оқшаулау және жою, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының басқа өңірлеріне енуіне жол бермеу;

    3) Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру.

PinCo casino слоттары ойын тәжірибесіне қалай әсер етеді?
Как выиграть в игру Balloon от SmartSoft: 5 популярных стратегий в казино
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу