«Бишімбаев түрмеден қашып кетті». ҚАЖК ақпаратқа түсінік берді

Oinet.kz 11-11-2024 151

 Screenshot_1.png

Ақпарат құралдарында, әлеуметтік желіде Қуандық Бишімбаевтың түрмеден қашып кеткені туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті желідегі жазбаға ресми жауап берді. 

«Әлеуметтік желілерде сотталған Қ. Бишімбаевтың қашқаны туралы жалған ақпарат таралып жатыр. Бұл шындыққа жанаспайды. Сотталған азамат қауіпсіздігі ең жоғары мекемеде жазасын өтеп жатыр», - деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.

Осы орайда Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті азаматтарды жалған ақпараттарды таратпауға және тек ресми деректерге сенуге шақырады. 

«Осы іске қатысты жалған ақпаратты тарату бойынша қылмыстық іс қозғалғанын және кінәлілер жауапқа тартылатынын хабарлаймыз», - деп ескертті комитеттен. 

 


Болатбек Әлиевке тапсырыс берген кім?
«Желге ұшқан миллиардтар»: Ел шуласа да Мықтыбеков мыңқ етпей отыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу