Ер адам дәмханада қыздың басына тапанша кезеген

Oinet.kz 28-06-2024 385

Бішкекте дәмханалардың бірінде жанжал кезінде ер адам қыздың басына тапанша кезеген, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Tengrinews-ге сілтеме жасап. 

Screenshot_2.jpg

Мекеме күзетшілері бұл оқиғаны дер кезінде байқап, ер адамды ұстаған.

Оқиға 27 маусымға қараған түні болды. Мекеме әкімшілігі милиция шақырған. Свердлов ауданы ІІБ баспасөз қызметі бұл дерек тіркелгенін айтты.

29 жастағы ер адам Ішкі істер басқармасына жеткізілді, одан белгісіз маркалы тапанша тәркіленді.

Милиция барлық қажет сараптама тағайындалғанын және қосымша тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын айтты.

Футбол дін ретінде: Сенім, адалдық және сәйкестік
Ер адам мас күйінде өз ағасын пышақтап өлтірген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу