Ер адам мас күйінде өз ағасын пышақтап өлтірген

Oinet.kz 28-06-2024 638

Өзбекстанның Гиждуван қаласында ер адам мас күйде өз ағасын пышақтап өлтірген, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Podrobno.uz сайтына сілтеме жасап.

Screenshot_4.jpg

50 жастағы тұрғын кәсіппен айналысатын. Ер адам туған жеріне келіп, отбасына, оның ішінде, бауырына да көмектеспек болған. 

Келесі күні ағайындылар жақындарымен жиналып, ішімдік ішкен. Екеуі сөзге келісе алмай, жанжал басталып кеткен. Айыпталушы қорғанамын деп асүйге тығылып қалған. Бірақ ағасы артынан аңдып, соққыға жығуын тоқтатпаған. Сол кезде айыпталушы пышақты қолына алып, ағасына сұғып алған. Оны туыстары тоқтатқан. Жәбірленушіге көмек көрсетілгенімен ол бірнеше күннен кейін аудандық ауруханада қайтыс болған. 

"Мен жасаған ісіме өкінемін. Соттан кешірім сұраймын", - дейді тұрғын. 

Басылым мәліметінше, ер адам 10 жыға сотталған.

Ер адам дәмханада қыздың басына тапанша кезеген
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу