14-қабаттан секірмек болған: күзетшіні көлігімен езіп өлтірген ер адамға қатысты мән-жай белгілі бол
Алматыда күзетшіні өлімші етіп сабаған 45 жастағы ер адам 14-қабаттан секірмек болған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Оқиға "Самал-3" ықшам ауданы 25, "Меркур Тауэрс" тұрғын үй кешенінде болған. Күзетшіні көлігімен таптап, артынша өлімші етіп сабаған ер адам полициядан қашу үшін 14-қабатқа көтеріліп, терезеден секірмек болған. Десе де полицейлер оны дер кезінде ұстады.
"Алдын ала мәлімет бойынша, күзетші мен тұрғын үй кешенінің тұрғыны арасында жанжал туындап, нәтижесінде 45 жастағы ер адам күзетшіге дене жарақаттарын салған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 29 наурыз түнде көлігімен күзетшіні басып жаншыған видео тараған болатын. Кейін ер адамның тұтқындалғаны белгілі болды.