Астанада Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші алынып тасталды
Астанада Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші алынып тасталды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Астанадағы Ұлттық қорғаныс университетінің аумағынан тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2020 жылы 80 жылдығына орай салтанатты түрде ашылған ескерткіші алынып тасталды. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды.
Ұлттық қорғаныс университеті ескерткіш шынымен алынып тасталғанын растады және ол қазір қоймада. Редакция журналисі ескерткіш алынып тасталғанына көз жеткізу үшін университет аумағына барған болатын. Алайда журналиске кіруге рұқсат берілмеген. Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі ескерткішке қатысты ақпаратты алдағы уақытта беруге уәде етті.