Петропавлда әйелін өлтіріп, денесін орманға апарып жасырған ер адам сотталды

Oinet.kz 02-01-2024 580

Петропавлда әйелін пышақтап өлтіріп, денесін орманға апарып жасырған  ер адамға сот үкімі шықты. Ол он жарым жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_13.jpg

Ал ауыр қылмыстың ізін жасыруға көмектескен оның немере інісі бір жарым жылға сотталды.

Оқиға өткен жылы 13 шілде күні Петропавлда болған. Ер адам әйелімен жанжалдасып, оны үй маңындағы орманға апарған. Сол жерде ас үй пышағын әйеліне бірнеше рет сұғып, кейін денені жасыру үшін көмекке немере інісін шақырған. Күрек ала келуін өтінген. Кейін екеуі денені жыраға тастап, үстін топырақ, жапырақпен жауып кеткен.

Олар кінәні толық мойындады, олардың қылмысы сараптама қорытындысымен, айғақ заттармен және басқа да іс материалдарымен толық дәлелденді.

Қылмыстық іс бүгін СҚО қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта қаралды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ. 

Астанада Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші алынып тасталды
«Мынадай қатынмен мен де ішіп кетер едім»: 2 күн үйге қонбаған күйеуін аямаған әйелдің видеосы тарад
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу