2024 жылы әскерге үш мың азамат шақырылады

Oinet.kz 09-01-2024 378

Еліміздің Қорғаныс министрлігі "Әскери қызметке міндеттілерді 2024 жылға әскери дайындыққа шақыру туралы" бұйрық дайындады, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі.

Screenshot_5.jpg

"2024 жылы әскери дайындықтан өтуге тиіс 3 000 адамды әскери дайындыққа шақыру", – делінген құжатта.

Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелген.

Бұйрық жобасы 23 қаңтарға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылды.

Еске сала кетейік, 2023 жылы Қорғаныс министрлігі 1 500 қазақстандықты әскери дайындыққа шақырды.

Дулат Исабеков Мұхтар Мағауиннің кемшілігін айтып сойып салды
Қазақстанда инвестицияда өсім бар. Карта с кэшбэком: разумные и удобные расходы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу