Түркістан: Тұрмыстық жемқорлықты жоюдың бірден бір көзі – мемлекеттік қызмет көрсетуді электронды нұ

Oinet.kz 16-07-2019 1114

Screenshot_6.jpg

Ағымдағы жылдың 16 шілдесі күні өңірлік коммуникациялар қызметінде мемлекеттік қызмет және көрсетілетін мемлекеттік қызмет бағыттары бойынша 2019 жылдың 1-жартжыжылдығында облыс көлемінде атқарылған жұмыстар қорытындысымен баспасөз брифингі өтті.

Баспасөз жиынының спикерлері ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшысы Ғ.С.Тұрсынбаев және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының өңірлік филиалының директоры Ж.Б.Момынкулов болды.

БАҚ өкілдері қатысқан брифингте Ғалым Сұлтанұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында түрлі мақсатты топтар арасында барлығы 300 мыңнан астам адамды қамтыған 1700 жуық шара ұйымдастырылғанын айтты.

Ал, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау бойынша осы жылдың 6 айында 4 мемлекеттік мекеменің (облыстық білім басқармасы, Еңбек әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің өңірлік департаменті, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі) қызметінде жүргізілді.

Талдау қорытындысы бойынша 70 ұсыным енгізіліп, бүгінде оның барлығы орындалғаны туралы айтып өтті.

Ал, филиал директоры Жанат Байжомартұлы филиал тарапынан атқарылған жұмыстар туралы толығырақ баяндап өтті.

Баспасөз жиынының соңында спикерлерге журналистер тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, олар бойынша нақты жауаптар берілді.

«Әзірет Сұлтан» қорық-музейі қызметкерлері Абайдың бірнеше өлеңі мен қарасөздерін оқыды
Түркістан: Алғашқы жартыжылдықта лауазымы жоғарылаған қызметшілердің саны артқан
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу