«Әзірет Сұлтан» қорық-музейі қызметкерлері Абайдың бірнеше өлеңі мен қарасөздерін оқыды

Oinet.kz 16-07-2019 1192

Screenshot_4.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тарапынан қолдау тапқан Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған ақынның өлеңдерін оқу эстафетасын ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қабыл алып, бүгінгі таңда министрлікке қарасты мекемелер кең көлемде жалғастыруда.

Осы орайда, "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінен эстафетаны қабыл алып, қорық- музей қызметкерлері  белсене атсалысты.

 "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұжымы Абай өлеңдері мен қарасөздерін жатқа оқи отырып түркі жұртының шаңырағына айналған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі және ортағасырлық Күлтөбе қалашығы мен Түркістан тарихы музейі, кітапхана мен қор сақтау бөлімдерін де насихаттауды ұмыт қалдырмады.

Қазақты әлемге танытқан ұлы ақынның даналық пен кемеңгерлікке толы өлеңдері мен қарасөздерін оқу эстафетасын  

«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі және «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне жолдады.

  Айта кетсек, әлеуметтік желілерде қазақтың ұлы ақыны Абайдың өлеңдерін оқу науқаны басталды. Бұл challenge-ді желі қолданушылары #abai175 хештегімен таратуда. Қазіргі уақытта жарияланымдар саны күн сайын артуда.

ҚР Президенті Қ. Тоқаев мамыр айында Абайдың 175 жылдық мерейтойы туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

"Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі

Түркістанда Сұлтанбек Қожановтың 125 жылдығына арналған шара өтті
Түркістан: Тұрмыстық жемқорлықты жоюдың бірден бір көзі – мемлекеттік қызмет көрсетуді электронды нұ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу