Түркістан: Алғашқы жартыжылдықта лауазымы жоғарылаған қызметшілердің саны артқан
2019 жылдың 16 шілдесінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғ.Тұрсынбаев брифинг өткізді.
Брифингтің күн тәртібінде Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасының ағымдағы жылдың 6 айында атқарылған жұмыстарының барысына, сондай-ақ ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының өңірдегі филиалы мен тест орталығының жұмыстары кеңінен айтылды.
Баспасөз конференциясында мемлекеттік қызметшілердің статистикалық ақпараттары да қоса ұсынылды.
Атап айтқанда:
Облыстағы мемлекеттік қызметшілердің жалпы штаттық саны – 7155, олардың ішіндегі нақты саны – 6668, ал бос лауазымдар саны – 487 бірлік.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы – 38,2 жасты, орташа еңбек өтілі – 9,6 жылды құраған.
Жоғары білімі бар мемлекеттік қызметшілер – 93,5%.
Мемлекеттік қызметшілердің 73,1%-ы ер, ал 26,9%-ы әйел.
Таза ауысымдылық деңгейі 2,2%-ға жеткен, ал меритократия 67,2% - ға артқан.
Сондай - ақ, баспасөз жиынында Ғ.Тұрсынбаев есептік кезеңде 1358 бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға конкурс жарияланғанын және ішкі конкурстар нәтижесінде 242 мемлекеттік қызметші төменгі лауазымдардан жоғары лауазымдарға тағайындалып (ЖАО – 153, АО - 89), мансаптық өсу көрсеткіші 67,2% -ды құрағандығын атап өтті.
Брифинг соңында мемлекеттік қызмет аясында журналистер тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, оларға нақты жауаптар берілді.