«Шындық ашылсын»: Түркістанда жоғалған қыздың анасы сұқбат берді (видео)

Oinet.kz 31-03-2023 2731

26 наурыз күні әлеуметтік желілерде Түркістан облысында 11 жасар Інжу есімді қыздың жоғалып кеткені туралы ақпарат тараған болатын. 4 күннен кейін қыздың денесі ауылындағы каналдан табылды. Бұл туралы Інжудің ойнауға бірге шыққан құрбысы 4 күннен кейін ғана, бейнебақылау камерасындағы бұлтартпас айғақтардан кейін сұқбат берді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_11.jpg

Ішкі істер министрлігінің Тelegram-арнасындағы ақпаратқа сүйенсек, көшедегі бейнежазбаларды зерделеу барысында Інжудің аулада ойнағаны, одан соң жол бойымен белгісіз бағытта кетіп бара жатқаны анықталды. 

Тіпті полицейлер Інжумен бірге ойнаған көрші қызбен бірнеше рет тілдесу арқылы, екеуінің бірге су ағып жатқан каналға барғанын, Інжу сумен ойнағысы келіп, абайсызда каналға құлап кетіп, шыға алмай қалғанын білген. 

Құрбысының 4 күн бойы ешкімге тіс жармағанын әлеуметтік желі оқырмандары күдікті деп таныды. 

Марқұм Інжудің анасы осы туралы Түркістан арнасының тілшілеріне сұқбат берген екен:

"Сене алмаймын қызымның оралмағанына. Камераның бәрін ашып, өзім көріп, өзім таппасам... 5 күн бойы қанша халық іздеп жатқанын біліп тұрып, енді келіп анасы мен қызы, өзімнің көршімнің айтып отырғанына еш сене алмаймын мен. Бірге бардық, өзі түсіп кете салды суға. 5 күн бойы қалай жанымда менің ұйықтады? Беттері еш шіміркпеген нәрсе тұр бұлардың беттерінде. Мен еш сен алмай отырмын. Жылы жапқанын мен қаламаймын. Маған шындық ашылсын! Менің айтарым осы. Жұмыс істелсін, шындық ашылсын!",- дейді қайғыдан қан жұтқан ана.

Бумажная упаковка для еды: эффективный и экологический выбор от Bestpack.kz
«Көптеген ата-аналар Болат Назарбаевқа қыздарын өздері әкеліп ақша сұрайтын»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу