Белгілі қазақстандық журналист өмірден озды

Oinet.kz 15-08-2022 1474

Қазақстандық журналист Татьяна Лисицкая дүйсенбі күні өмірден озды. Суыт хабарды марқұмның әріптестері желі арқылы жеткізді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_10.jpg

Татьяна Лисицкая ұзақ жылдар бойы КТК, "Алматы", "Астана" арналарында қызмет етіп, қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз бөлімінде жұмыс істеген.

"Коронавирус тарап, денсаулық сақтау саласын дүрліктірген ең қиын, ауыр күндер - карантин кезінде Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы болған Татьяна Лисицкая дүйсенбі күні мәңгілік мекеніне аттаныпты. Кеше түнде естідім. Сенгім келмеді. Көптен бері қоңырау шалмаппын. Енді өзекті өкініш кернеп, жылап алдым. Таня - қазақтың келіні. Қайын әпкесі мақтап отыратын. "Жази, шай ішейік" деп соңғы мәрте телефонда арқа-жарқа әңгімелестік. Кездесе алмадық. Бұл жалғанда тіршілік біткен бе? Әріптесімнің жалғыз ұлына, туыстарына көңіл айтамын", - деп жазды журналист Жазира Бегалы.

Татьяна Лисицкаяның қазасына қатысты Айбар Олжаев та жазба жариялады.

"Ұзақ жылдар бойы қазақстандық тележурналистикада қызмет еткен әріптесім Татьяна Лисицкая көз жұмды. Ол ұзақ уақыт бойы КТК арнасында еңбектенді. Әр материалда әр адамның тағдыры жатыр. Ол "Алматы" арнасында бас редактор болған жылдары бір кабинетте отырдық. Өмірлік тәжірибесі мол, сөздің қадірін білетін, шәкірт тәрбиелеп, журналистиканың нағыз миссиясын атқарған маман еді. Оның барлық шәкірттері нағыз кәсіби азаматтар. Таня мәнді өмір сүрді. Ол жер бетінде не үшін жүргенін жақсы білетін" - деп жазды Айбар Олжаев.

Жайық өзеніне батып кеткен баланың денесі іздестіріліп жатыр
Тыйым салынған немесе жарамсыз болып қалған пестицидтерді тиісті жағдайда ұстау
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу