Жайық өзеніне батып кеткен баланың денесі іздестіріліп жатыр
Атырау облысында Жайық өзеніне батып кеткен 7 жастағы баланың денесі іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 14 тамызда сағат 21.00 шамасында болған.
«Атырау қаласы маңындағы Қызылбалық ауылында 14 тамызда сағат 21.00-де шамасында Жайық өзенінің жағасында тұрған қайықтардың үстінде ойнап жүрген 2015 жылғы бала суға батып кетті. Баланың денесі 15 тамызда сағат 7.30-дан бастап іздестіріліп жатыр», - делінген ТЖД хабарламасында.
Іздеу жұмыстарына Атырау облысы ТЖ департаментінің 4 сүңгуірі, 1 техникасы жұмылдырылды.