Тыйым салынған немесе жарамсыз болып қалған пестицидтерді тиісті жағдайда ұстау

Oinet.kz 15-07-2022 375

Тыйым салынған немесе жарамсыз болып қалған пестицидтерді, олардың ыдыстарын, арнаулы сақтау орындарын (көмінділерді) тиісті жағдайда ұстау.

Screenshot_13.jpg

Пестицидтерді қолданудағы ережелер Барлық пестицидтер канцерогенді, кумулятивті, адам иммунитетін төмендететін заттар. Сондықтан, қауіпсіздік ережелеріне жеңіл тұрғыдан қарауға болмайды, өйткені оның зиянды әсері уақыт өте білінеді. Пестицидтермен жұмыс істегенде міндетті түрде респиратор және адам терісін қорғайтын киім кию керек, өйткені пестицидтер тері, ауадан өкпе арқылы қанға өтеді, ары қарай ағзаның бүйрек, бауыр жасушаларын зақымдайды. Пестицидтермен жұмыс істегеннен кейін міндетті түрде ағзадан токсиндерді шығаратын сүт, Е витаминіне бай тағамдар қабылдаған жөн.

Өсімдікті зиянды ағзалардан қорғаудың негізгі жолы - химиялық препараттарды қолдану болып табылады. Сондықтан, пестицидтерді қолданудағы басты мәселелердің бірі - қоршаған орта нысандарының олардың қалдық мөлшерлерімен ластануын және адам ағзасына зиянды әсерін мейлінше төмендету. Пестицидтерді сақтау, тарату және тасымалдаудың қауіпсіздік ережелері:

- Улы химиялық заттар арнайы жасақталған қоймаларда сақталуы тиіс. 

-Арнайы қоймалар қалалардан, елді-мекендерден, үйлерден 200 м, балық шаруашылығы, су қоймаларынан 2000 м қашық жерлерде орналасуы тиіс. 

-Улы заттар сақталатын қоймалардың ауданы мейлінше кең, автокөліктердің бұрылуына кедергі болмайтындай, улы заттар салынатын жерлерді залалсыздандыруға жеткілікті болуы тиіс. 

-Улы заттар сақталатын қоймалар ауданы кең, жабылатын қақпақтары түзу, едендері асфальтталған, цементтелген болуы тиіс. 

-Қойманың заттар қоятын тартпалары, терезесі немесе ауа сорғышы болуы міндетті. Қоймалар улы заттар сақтайтын, пайдалануға жіберілетін және құжаттар, арнайы киімдер, дәрі - дәрмек, сабын, су сақталатын бөлмелерден тұруы тиіс.

- Едендері тегіс, топырақ қабатынан жоғары орналасуы қажет.

-Пестицидтер қоймаларында қоректік заттар сақталуына тыйым салынады. Қойма берік құлыпталып, өте улы заттар арнайы мөрленген қаптамада сақталады. 

-Буланатын гигроскопиялық пестицидтер герметикалық ыдыстарда сақталады. 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 29 маусымдағы №15-02/584 бұйрығымен бекітілген нысандар және Қазақстан Республикасының «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі №331 заңына сәйкес, қызметi мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау объектiлерiмен байланысты жеке және заңды тұлғалар фитосанитариялық есепке алуды жүргiзедi және уәкiлеттi органға фитосанитариялық есептiлiктi,  пестицидтерден қалған босаған ыдыстар мәліметін табыс етедi делінген. 

Осыған орай, фитосанитариялық есептілік ұсынылмаған жағдайда «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 377-бабында пестицидтерді (улы химикаттарды) және қоршаған ортаны ластауға не жануарлар дүниесіне залал келтіруге әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкін басқа да препараттарды заңсыз тасымалдау, сақтау және қолдану – жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеліп соғатындығын ескертеді.

Ордабасы ауданы, Темірлан е.м  № 156, 8 (7253) 2-17-57 көресетілген мекен-жай бойынша байланысуға болатындығын хабарлайды.

ҚР АШМ АӨК МИК Ордабасы аудандық аумақтық 

инспекциясының бас – маман өсімдіктерді қорғау 

жөніндегі мемлекеттік инспекторы

 Н.Ж.Асқарбаев

Белгілі қазақстандық журналист өмірден озды
БҚО-да жас жігітті пойыз қағып өлтірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу