Нұр-Сұлтанда жолаушылар автобусы өртеніп кетті

Oinet.kz 27-07-2022 657

Нұр-Сұлтанда жолаушылар тасымалдап жүрген автобус өртеніп кетті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Screenshot_40.jpg

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 27 шілдеде сағат 14:45-те Керей-Жәнібек хандар мен Түркістан көшелерінің қиылысында автобус өртеніп жатыр деген хабар түскен.

«Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер автобустың қозғалтқыш бөлігі өртеніп жатқанын анықтады. Өрт сағат 14:58-де сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ», - делінген ТЖД хабарламасында.

Өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД жеке құрамының бес адамы мен бір техникасы жұмылдырылды.

ВИДЕО

Жезқазғанда көшеде есінен танып құлаған әйелді бір топ адам тонап кеткен
Атырауда жүріп бара жатқан камаздың астына ер адам тұра жүгірді (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу