Нұр-Сұлтанда 17 жасар жасөспірім бүлдіршінді жетінші қабат терезенінен құтқарып қалды

Oinet.kz 14-07-2022 1632

Нұр-Сұлтанда жасөспірім жетінші қабаттың терезесінен құлағалы тұрған баланы аман алып қалды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Screenshot_9.jpg

Әлеуметтік желілерде тараған видеодан белгілі болғандай, оқиға 13 шілдеде кешкі уақытта «Шерқала» тұрғын үй кешенінде болған.

«Шамамен екі жасар бала жетінші қабаттың терезесінен құлап кете жаздады. Бала терезенің москитті торын итеріп, сыртқа шықпақ болған. Оқиға куәгерлері бір сағат бойы пәтерге кіре алмады. Тұрғындар полицияға хабарлады. Абырой болғанда, көпбалалы отбасыдан шыққан жас жігіт баланы құтқаруға бел буды. 17 жастағы бозбаланың өзі де құлап кете жаздады, қайта өлім аузынан аман қалды. Нағыз батыр деуге лайық жігіт екен! Осы оқиға бәріне сабақ болса екен. Ата-аналар, балаларыңызға қамқор болыңыздар. Терезеге тор орнатыңыздар», - делінген желідегі жазбада.

Жарияланған бейнекөріністен жас жігіттің бір пәтердің терезесінен келесі пәтердің терезесіне қалай өткені көрсетілген. Ол москит торын алып, терезеден ішке кіреді. Оқиға куәгерлері болған жайтқа қатты алаңдаған.

Кейін белгілі болғандай, жасөспірімнің өзі де көпбалалы отбасыдан шыққан. Ол өз ерлігін кейін өзі балалы болғанда, осы жақсылығы жақсылықпен қайтады деп үміттенетінін айтқан.

Видео мына жерде

Шымкентте полиция ер адамның пышақпен шабуыл жасауына, қысқа киген қыздың өзі кінәлі деп тапқан
Түркістан облысында зейнеткердің банк кәртішкесінен заңсыз ақша алған ер адам ұсталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу