Шымкентте полиция ер адамның пышақпен шабуыл жасауына, қысқа киген қыздың өзі кінәлі деп тапқан

Oinet.kz 14-07-2022 1258

Шымкент қаласында көшеде жүрген қызға ер адам пышақпен шабуыл жасамақ болған. Оның әс-әрекеті камераға жазылған. Қыз бірден РОВД-ға шағымданған, бірақ тәртіп сақшылары қысқа шорты кигені үшін өзін кінәлаған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі "Отырар" арнасына сілтеме жасап. 

Screenshot_7.jpg

"Нұрсат" ықшам ауданында болған оқиға камераға түсіріліп, желіде тарап кеткен. Кадрдан қыздың жеке үй алдында телефонмен сөйлесіп тұрғанын көруге болады. Бір сәтте оның жанына артында пышақ тығып келе жатқан ер адам жақындап келеді. Дәл жанына келген соң, ол пышағын көрсетіп, қызға "тыныш!" деген белгі көрсетеді. Қыз сол сәтте айқайлап жіберіп, күдікті қорыққаннан қашып кетті. 

"Бұған дейін ол жерде балалар жүрген. Менде ешқандай күдік болмады. Артыма қарасам, ер адам жақындап келе жатыр. Бірдеңе сұрайды деп ойласам, артынан пышақ шығарды. Қорқып кеттім де, бірнеше секунд дыбыс шығара алмадым. Артынан айқайлап жібердім, сол сәтте жарық бергіш жұмыс істеп кетті де, ол қорқып қашып кетті", - дейді Шымкенттің Аружан есімді тұрғыны. 

Оқиға 12 шілде күні кешкі 22:40-та орын алған. Аружан бірден Қаратау аудандық РОВД-ға шағымданғанын айтады. Полиция қыздың шағымын қабылдағанымен, оның киімін сөз етіп, қылмыскерді ақтап алуға тырысқан.

"Жанымызда учаскелік пункт бар. Мен сонда барып, арыз жаздым. Бірақ маған: "Шорты киіп жүрдің бе? Әрине, шабуыл жасайды", - деді. Ол қалай сонда? Бірақ бүгін тергеуші хабарласып, анық-қанығын сұрап білді", - дейді Аружан. 

Screenshot_8.jpg

Ал Шымкент полициясы қызға шабуылдамақ болған азаматты іздестіруде. 

"12 шілде күні Қаратау аудандық ПД РОВД-ға жергілікті тұрғын шағымданды. Ол жеке үйдің ауласында белгісіз біреудің пышақпен қоқан-лоққы көрсетіп, шабуыл жасауға тырысқанын айтты. Қазіргі уақытта аталған факт Қаратау аудандық РОВД-да тіркелді, күдіктің орналасқан жерін анықтау, тергеу жұмыстары жүруде", - деп хабарланды Шымкент полиция департаментінен. 

Қазақстандықтар молаға қоятын құлпытасты да кредитке жасатып жатыр
Нұр-Сұлтанда 17 жасар жасөспірім бүлдіршінді жетінші қабат терезенінен құтқарып қалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу