Қазақстандықтар молаға қоятын құлпытасты да кредитке жасатып жатыр

Oinet.kz 14-07-2022 897

Бұдан былай құлпытастарды да қарызға жасатуға болады. Елімізде жерлеу рәсімін ұйымдастырушылар өз қызметтерін банктегі «бөліп төлеу» тетігі арқылы жүзеге асыруда, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Screenshot_6.jpg

Мұндай хабарламаны орталықтың әлеуметтік желідегі парақшаларынан аңғаруға болады. Онда құлпытастың құнын 24 айға бөліп төлеуге болатындығы туралы жазылған.

Редакция тілшісі осындай орталықтардың біріне хабарласып, көрсетілетін қызмет пен тастың құнын сұрастырып көрді. Қоңырауға жауап берген маман 24 айға бөліп төлеуде кез келген соманы рәсімдеуге болатындығын айтты.

«Бағасы қандай болса да қарастырамыз. Оны өзіңіз таңдайсыз. Банк осы аптада 3 күн бойы 24 айға бөліп төлеу қызметін іске қосады. Соны пайдалануға болады. Ал басқа кездері біз Kaspi Red арқылы үш айға бөліп төлеуді ұсынамыз. Бағалар әртүрлі. Мәселен мәрмәрдің стандартты түрі шамамен 152 мың теңгені құрайды. Ал гранит қымбаттау, оның орташа бағасы 425 мың теңге. Бұл бағалардың ішіне жеткізу, орнатып беру қызметтері де кіреді. Біз әзірге бір ғана банкпен жұмыс істейміз», - дейді оператор.

Оның айтуынша, бүгінде 3 айға бөліп төлеу қызметін пайдаланатын адамдар саны аз емес. Сондай-ақ ол үшін клиент банкке барып сергелдеңге түспейді екен. Барлығы телефондағы қосымша арқылы жүзеге асырылады.

Тоқаев үш министрге сөгіс жариялады
Шымкентте полиция ер адамның пышақпен шабуыл жасауына, қысқа киген қыздың өзі кінәлі деп тапқан
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу