Белгілі әнші жол апатына ұшырады (фото)

Oinet.kz 14-06-2022 9509

Әнші Толқын Забирова жол апатына ұшырады. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды.

Screenshot_8.jpg

«Кейде алдарына кішкентай балаларын отырғызып машина жүргізіп келе жатқан ата-аналарға таң қаламын не болмаса соткасына үңіліп қарап, бар жанын беріп, шұқып жататындарға...Бұл НЕ?! Жауапкершілік қайда!? Өзіңді ойламасаң да, айналаңдағы адамдарды ойлау керек емес пе?

Осындай біреудің алаңғасырлығынан мен жол апатына ұшырадым. Біздің көлікті соққан – жас бала. Мен бір мезгіл есімнен танып, болған жағдайды түсінбей қалдым. Ол телефонына қарап отырып, тежегішті басуды ұмытып, біздің көлікке келіп соққан кезде ғана бірақ тоқтапты. Денсаулығыма зақым келді, бірталай концерттерден қалдым (отбасымның жаман болғанын айтпағанда).

Енді жас бала деп оны кешіре салуым керек пе? Жоқ! Сабақ болсын деп жазалауым керек пе? Алла берген өмірді үзіп жіберудің ешкімнің қақысы жоқ!

Соны ұмытпау керек! Біз асыққанмен ,Алла асықпайды! Әрине, бұған ешқандай заң шығара алмайсың. Ол заң әр адамның санасында болу керек! Бір-бірімізге жанашыр, мейірімді, жауапты болайық. Амандыққа не жетсін, Ағайын! Өмір сүру қандай тамаша! - деп жазды әнші.

Саясат Нұрбек Кипрде оқитын балаларын елге қайтаратынын мәлімдеді
Алматы облысы: Перзентханада көз жұмған аналардың ісі неге созылып кетті?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу