4 пайыздық автонесиені төрт банк арқылы рәсімдеуге болады

Oinet.kz 16-05-2022 1250

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасын іске асыру үшін төрт банк несие береді. Сондай-ақ бір азамат несиені екі жылда бір рет қана рәсімдей алады. Бұл тураы "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ басқарушы директоры Ғалымжан Әди брифинг барысында айтып өтті.

Screenshot_2.jpg

"Жеңілдетілген автонесиенің сыйақы мөлшері – 4 пайыз, қаржыландыру мерзімі 7 жылдан аспайды. Несие көлемі 10 млн теңге болады, яғни Қазақстанда шығарылған көліктің құны 15 млн теңгеден аспауы керек. Бұл бағдарлама бойынша бастапқы жарна көзделмеген. Дегенмен автокөліктің құны 10 млн теңгеден асатын болса, несиеге өтініш білдіруші азамат жетіспейтін ақшаны өз қаражаты есебінен толтырады", – деді акционерлік қоғам өкілі.

Оның сөзінше, қазір бұл бағдарламаға қатысатын 4 банк таңдап алынған. Олар: "Халық банк", "Банк ЦентрКредит", "Форте банк" және Еуразиялық банк". 

Қазақстанда 4%-пен несиеге берілетін көліктер қанша тұратыны белгілі болды
Айсәуле қызының жігітпен некеге дейін бірге тұруына қарсы емес екенін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу