Айсәуле қызының жігітпен некеге дейін бірге тұруына қарсы емес екенін айтты

Oinet.kz 16-05-2022 1410

Айсәуле Бақытбек қызының тұрмысқа шыққанға дейін жігітпен бірге тұруына қарсы емес екенін айтты. Блогер қандай жағдайда да қызына сенім артады. 

Screenshot_4.jpg

"Мен қызымның менің комплекстеріммен емес, өз өмірімен өмір сүргенін қалаймын. Менің Сафияға сенгім келеді. Оның таңдауын құрметтеймін. Бір кездері ата-анам маған сеніп, Америкадағы жігітіммен бірге тұру туралы шешімімді қолдаған. Содан кейін анам: "Жүрегің қалағанын жаса. Кейін рұқсат бермегенім үшін мені кінәлағаныңды қаламаймын. Бірақ сен өз шешімдеріңе өзің жауаптысың. Есіңде болсын”, –  деді. Әлі күнге дейін бәрінің жақсы аяқталғанына рахмет айтамын. Мен де анам секілді кеңес берер едім”, – деді Айсәуле. 

4 пайыздық автонесиені төрт банк арқылы рәсімдеуге болады
"Рухани қазына – 2022" фестиваль-байқауы басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу