Қазақстанда 4%-пен несиеге берілетін көліктер қанша тұратыны белгілі болды
"Қазақстандық автобизнес қауымдастығы" техникалық реттеу жөніндегі директоры Ербол Сейпілов жеңілдетілген несиелендіру бойынша қолжетімді көліктердің қанша тұратынын айтты.
Оның айтуынша, үкімет 100 миллиард теңге бөлген жаңа бағдарлама бойынша жеңілдетілген автокредит белгілі бір көліктерге беріледі. 4%-пен қолжетімді автомобильдердің бағасы 5,9-дан 16,69 миллион теңгеге дейін болады. Олар:
Chevrolet Nexia - 5,90 млн теңгеден 5,99 млн тенгеге дейін;
Chevrolet Cobalt - 5,99 млн теңгеден 6,49 млн теңгеге дейін;
Hyundai Accent - 7,09 млн теңгеден 8,19 млн теңгеге дейін;
Kia Rio - 7,89 млн теңгеден 10,49 млн теңгеге дейін;
Kia Cerato - 9,89 млн теңгеден 12,49 млн теңгеге дейін;
Kia K5 - 12,99 млн теңгеден 15,49 млн теңгеге дейін;
Hyundai Elantra - 9,19 млн теңгеден 13,49 млн теңгеге дейін;
Hyundai Sonata - 12,29 млн теңгеден 16,69 млн теңгеге дейін