Диана Қырықбай: Маған айына кемі 2 млн теңге табатын жігіт керек

Oinet.kz 11-05-2022 3319

Жігіттерден жоғары жалақыны талап еткен тележүргізуші Диана Қырықбай өзі мен отбасы, жұмысы жайлы айтты. Бір үйдің жалғыз қызы жігіттерге жоғары талап қояды. Өз күтіміне айына 2 миллион теңге қаражат жұмсайды. 

Screenshot_20.jpg

Бұл туралы тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында айтты. 

“Менің жігіттерге қояр талабым көп. Кейбіреулер менің сөзімді түсінбей жүр. “Қарапайым деген қандай қыз? Сонда сізге айына қанша ақша кетеді?” деп жазады. Кез келген қызды керемет әдемі қылуға болады. Ол ақшаға келіп тіреледі. Мен, мәселен, өз күтіміме айына 2 миллион теңге жұмсаймын. Себебі, менің әдемі болуым керек. Салонға баруым керек. Бетімді күтуім керек. Ал жігіттер бір арнадан шыға алмай қалған секілді. Мен 200 мың теңге табатын жігітпен қалай тұрамын. Оның ақшасы маған жетпейді ғой. Жігіттер бағаны көтеру керек”, – деді ол. 

Соғыстың соңы батырлары. Түркістан облысында көзі тірі 22 ардагер қалды
Әлиев Қазақстанға өкпе айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу