Соғыстың соңы батырлары. Түркістан облысында көзі тірі 22 ардагер қалды

Oinet.kz 11-05-2022 1043

1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысына аттанған әрбір екінші жауынгер туған жерге қайта оралған жоқ. Төрт жылға созылған сұм соғыс қазақ жерінде жүз мыңдаған адамның өмірін жалмады.   Соғыс қасіретін тартпаған шаңырақ, ауыл жоқ. 

Screenshot_18.jpg

1945 жылы Жеңіс күнінде әскерге жаңа алынған, сол кездегі 17-18-дегі  қылшылдаған жігіттердің өзі бүгінде жүзді алқымдап қалды.

Ардагерлер кеңесінің мәліметі бойынша бүгінде Түркістан облысында көзі тірі   22 майдангер,  4838 тыл ардагері бар. 2020 жылы майдангерлердің саны 41 болған екен. 

Биыл Жеңістің 77 жылдық мерекесінде ардагерлерге жылдағы үрдіс бойынша сыйлықтар жасалады. Әр майдангерге 1 миллион 110 мың теңгеден беріледі. Облыстық Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен  «77 жылдыққа 77 іс-шарасы» өтіп жатыр. 

Шымкент қалалық жұмыспен қамту және  әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметі бойынша үшінші мегаполисте майдангерлерге тиісті сыйақылары есеп шоттарына аударылып қойылған. Шымкенте биыл көзі тірі 7 ардагер бар. Былтыр олардың саны 21 болған екен.

Мегаполисте ең жас майдангер биыл жүзеге толады.

Мақпал Жүнісова алғаш рет Зәкең мен Мерейге қатысты бүкіл шындықты айтты
Диана Қырықбай: Маған айына кемі 2 млн теңге табатын жігіт керек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу