Әлиев Қазақстанға өкпе айтты

Oinet.kz 08-05-2022 6328

Әзірбайжан Ресей ұшақтарына өзінің әуе кеңестігі арқылы ұшуына тыйым салды. Әзірбайжан бұл әрекетін Армениямен арадағы текетіреспен байланыстырып отыр. 

Screenshot_21.jpg

Әзірбайждане президенті Ильхам Әлиевтің айтуынша, 2020 жылы 44 күндік соғыс деген атпен белгілі қақтығыс кезінде Арменияға қару-жарақ Қазақстан аумағы арқылы жеткізілген. 

-Біз Каспий жағалауы мемлекеттеріне хат жолдап, өз аумақтары арқылы Арменияға қару-жарақ тасымалдауға тыйым салуды сұрандық. Осындай өтінішті Қазақстанға, Иранға, Түркіменстанға жолдадық. Алайда аталған елдердің аумағы арқылы Арменияға қару-жарақ жеткізілді,-деді Әлиев. 

Президенттің айтуынша, қару-жарақ тасымалы Ростов-Моздок бағыты бойынша жүрген. 

-Біз грузин достарымызға әуе кеңестігін жабуды сұрандық. Олар бұл өтінішімізді орындады. Сонымен бірге аталған елден Ресейдің Арменияға қару-жарақ тасымалдауының алдын алуды сұрандық. Грузия өзінің құрлықтағы шекарасын жауып тастады,-деді президент.

Әзірбайжан басшысының айтуынша, бауырлас қазақ пен түркімен елдерінің билігі мұндай өтініштерді орындамаған. 

Диана Қырықбай: Маған айына кемі 2 млн теңге табатын жігіт керек
Қазақстандағы биозертханалар құпия емес
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу