Қазақстандағы биозертханалар құпия емес

Oinet.kz 11-05-2022 743

Қазір орыстар қит етсе, айып таққыш, кінә артқыш болып барады. Осыдан біраз уақыт Ресей  Украинадан АҚШ-тың басшылығымен биологиялық зертханалар жұмыс істегенін, осындай зертханалардың ТМД-ның көптеген елдерінде, соның ішінде Қазақстанда  болғандығын мәлімдеген болатын.

Screenshot_22.jpg

Сенатор Ақылбек Күрішбаев осы биозертханалардың жұмысына қатысты түсінік берді. 

- Біріншіден, олар екінші және үшінші топтағы аса қауіпті патоген микроорганизмдерге қарсы диагностикалық және профилактикалық препараттарды әзірлеумен айналысады. Яғни, өлім-жітім деңгейі жоғары бірінші топтағы аса қауіпті вирустар мұнда ерекшеленбейді.

Басқаша айтқанда, біздің зертханалар өз қызметінде шет елдерге есеп бермейді. Үшіншіден, бұл зертханалар құпия және жабық нысандар саналмайды, олардың жұмысы ашық және кез келген уақытта халықаралық сарапшылар тексеруі мүмкін. АҚШ сарапшыларын ғылымның соңғы жетістіктері мен озық тәжірибелерді ескере отырып, осы зертханалардың биологиялық қауіпсіздігіне кепілдік беру үшін ғана тарттық. Осы саладағы бірқатар маңызды бастама еліміздің Президенті Тоқаевқа тиесілі. Мемлекет басшысы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне есеп беретін арнайы көпжақты орган - биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құруды ұсынды. Осы заң жобасында Қазақстанда бактериологиялық, биологиялық және уытты қаруды әзірлеу, өндіру және оның қорларын жинақтау мақсатында патоген биологиялық агенттермен жұмыс істеуге тыйым салынатыны тағы да айтылады. Осыған байланысты, шетелдік саясаткерлердің Қазақстанның осы зертханалары шет мемлекеттер бақылауы бойынша әскери-биологиялық қызметпен айналыса алады деген мәлімдемесі мүлдем негізсіз екенін атап өткім келеді,-деді сенатор.

Әлиев Қазақстанға өкпе айтты
Қазақстанда кімдердің кемі 300 мың теңге жалақы алатыны белгілі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу