Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Танымал продюсер Баян Мақсатқызының перзенті Айсәуле Бақытбек қазақстандық қыздардың тәрбиесіндегі ең үлкен қателікті атады. Сөзінше, біздің елде қыздарды үй шаруасына бейімдеп, күйеуі мен отбасына қызмет етуге тәрбиелейді. Ал ол көптеген нәзік жандылардың бақытсыз ғұмыр кешуіне себеп болады. Бұл туралы Айсәуле Instagram-дағы парақшасында жазды.
"Қалаған кезде тамақ істеймін, үй жинаймын. Бірақ аптасына 3-4 рет үйге көмекшім келеді. Бізде қыздарды кішкентайынан күйеуіне, оның туысқандарына қызмет жасауға тәрбиелейді. Бұл біздің елдегі қыздар тәрбиесіндегі қателіктерді тағы бір мәрте көрсетеді. Бірақ оның шынайы бақытпен ешқандай байланысы жоқ екенін айтпайды. Көптеген қыздар тұрмысқа шығып, сол сұмдықпен шынайы өмірде бетпе-бет келеді. Дәл осы себепті ең үлкен қателікті жіберіп алмау үшін өмірлік серікті таңдау мәселесіне жауапкершілікпен қарауға кеңес беремін.
Бұл сұраққа келгенде өз жүрегіңнен басқа ешкімді тыңдама. Тағы айтарым: Оқыңдар, оқыңдар және жұмыс істеңдер", – деп түйіндеді сөзін Айсәуле.