33 жастағы келіншек үшем қыз босанып ерекше есімдер қойды

Oinet.kz 05-04-2022 12966

Шортанды ауданының Октябрьское ауылында тұратын 33 жастағы Аида Караян үшем дүниеге әкелді.

Screenshot_8.jpg

Жаңа босанған әйел мен балалары бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Ана мен бала орталығынан үйіне шықты.

"Жаңа туған нәрестелердің есімін ата-анасы Амина, Мәдина және Рамина деп қойды. Николай мен Аиданың бұдан басқа үш жасар Дмитрий есімді ұлы бар", - дейді Шортанды ауданы әкімдігінен.

Дәрігерлердің айтуынша, әйелдің жүктілігі қалыпты болған, балалар жүктіліктің 32-ші аптасында 2195,1951 және 1798 грамм салмақпен дүниеге келген.

"Бұл - Шортанды ауданында үшем дүниеге келіп отырған екінші жағдай. 2021 жылдың тамызында Степное ауылының тұрғыны да үшем туған болатын", - деп толықтырды аудан әкімдігінен.

Тіл-көзі өткір жандардың жұлдызнамасы анықталды
Баян Алагөзованың қызы күйеуіне қызмет жасайтын қыздарды сынға алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу