Тіл-көзі өткір жандардың жұлдызнамасы анықталды

Oinet.kz 05-03-2022 1108

Астрологтардың айтуынша, тіл-көзі өткір жандардың басым көпшілігінің  жұлдызнамасы бір-біріне ұқсас болып келеді. Олардың кейбірі бойындағы бұл қасиетін білмеуі де мүмкін.  

Screenshot_7.jpg

lisa.ru интернет-журналының жазуынша, бикеш, тауешкі, егіздер, сарышаян және торпақ белгісінде туғандардың тіл-көзі бар. Ондай жандардың сұқтануы өзгелерге кесірі тиіп жатады. Қазақта «көз түйені қазанға, батырды қабірге түсіреді» деген сөз бар.

Жұлдызнама белгілері ішінде бикештер – көңілі таза, ниеті түзу жандар. Бір ғана кемшілігі сыр сақтап, құпия ұстай алмайды. Көп жағдайда ойын салқ етіп айта салады. Соның кесірінен біреудің көңіліне келетін сөздерді айтып, көңілін қалдырып жатады.

Тауешкілер изотерикамен қызықпайды, сол себепті қиял-ғажайыпқа сеніңкіремейді. Бірақ соған қарамастан кез келген адамға ықпал ете алады. Содан болар олар көпшіл. Сондықтан да құпия-сырларымен бөлісетін жандар да көп. Бірақ олар өзгелердің мәселесін талқылап отырып, тілдеп, оның жолын жабуы мүмкін.

Егіздер негізінен өте белсенді.  Сол себепті барлық нәрседе белсенділік танытып, атсалысады. Бір сөзбен айтқанда, тыным таппайды. Соған қарамастан бет-алды сөйлеп, аузына келгенін оттамайды. Ұрыс-керіс немесе негативті ортадан өзін аулақ ұстауға тырысады. Егер дауға өзі ілінсе, өзгелердің кемшілігін тауып, бетіне басады. Сондайда оның тіл-көзі де тиюі мүмкін.

Сарышаяндар адамдармен шебер ойнайды. Олар ешкіммен сөзге келіп, ұрсысып, жаман атты болмайды. Көбіне өзінің ашуын жақындарынан алады. Сондай кезде қолына түссеңіз, аман қалуыңыз екіталай. Оның үстіне, кекшіл жандардың өшігіп алуы тағы бар. Ондайда тілдеуі де оңайға соқпайды.

Торпақтар өз айналасын жақсы атмофераға толтыруға тырысады. Сондықтан олар әрқашан әңгімелесушісінің түр-сипатын, балаларының қарым-қабілетін, отбасылық өмір жайында сөйлесе отырып, абайсызда тіл-көз тиюі мүмкін. Сол себепті торпақтармен байқап әңгімелескеніңіз жөн.

Алайда нумеролог маман тіл-көзі өткір адамдардың болатынын растады.

– 7 немесе 8 саны бойынша туғандардың тіл-көзі бар деген нақты дәлел жоқ. Бірақ өмірде ондай жандардың кездесетіні анық, –  дейді нумеролог Назгүл Құдайберген.

Вячеслав Дудник Денсаулық сақтау вице-министрі лауазымына тағайындалды
33 жастағы келіншек үшем қыз босанып ерекше есімдер қойды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу