«Бір-бірімізді жақтырмадық»: Заңғар Нұртас келіншегімен қалай танысқанын айтып берді (фото, видео)

Oinet.kz 01-04-2022 8439

Жақында ғана шаңырақ көтерген Заңғар Нұртас жұбайы екеуінің махаббат хикаясы қалай басталғанын айтып берді. Қос ғашық алғаш танысқан кезде бір-бірін жақтырмаған болып шықты. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.

Screenshot_1.jpg

"2012 жыл. Жібек пен Заңғар Пекин қаласында оқуға түсті! 

2013 жылы екі кішкентай ғана өмірдің ащы-тұщысын көрмеген 17 жасар жас бүлдіршіндер бір-бірін кезіктірді! Бірақ ол кезде бір-бірін жақтырған жоқ. 2014 жылы қайта бір-бірін жолықтырып, 15 наурыз күні Заңғар Жібекке ұсыныс жасады. Сол күннен бастап, әр айдың 15-і екі жастың бір-біріне деген махаббат күні болып қойылды! Сол күннен бастап әр айдың 15-і бір-біріне сыйлық табыстайды. Өз үйінен, отбасынан алыста жүрген қос махаббат, бір-біріне бауыр басып, арқа сүйер жақын адамға айналды! 

2020 жылы Заңғар үлкен қателік жасап, Жібекті кешіре алмайтындай жағдайға жеткізді! Яғни олар айырылысты. 

2021 жылы жасалған қателік пен айырылысуды сынақ деп түсінді. Себебі ол сынақтан олар өтпей, бір-біріне олар қаншалықты керек екенін, махаббат қарым-қатынасты қалай бағалау керек екенін түсінбеуші еді. 

2022 жылы олар отау құрды! Осындай кішкентай кезеңдегі үлкен махаббатқа бұдан бұлай жаман ой пікірлеріңізді жазбаңыздар", - деп жазды әнші. 

Димаш Құдайберген науқас баланың арманын орындады (видео)
«Күмәндарың болмасын»: Гүлзира Айдарбекова келіндеріне ақыл айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу