Әкім Әйтенов те шешпейді

Oinet.kz 31-03-2022 883

277724513_5672535712762190_3896697695129420085_n.jpg

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов те көшеге асфальт төсеу мәселесін шеше алмайды. «Ынтымақ-2» шағынауданының ішкі көшелерін асфальттап беруді сұраған тұрғынға қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исақов осылай деп жауап берді.

– «Ынтымақ» па, басқа жерде ме, асфальт салуды Исақов шешпейді, Әйтенов те шешпейді. Қаланың даму бағдарламасына сәйкес ол жерде коммуникациялар жүрмей, асфальт салу мүмкін емес. Оған ешкім ақша бермейді. Біз өзіміздің қалтамыздан ақша шығармаймыз. Оны бізге Қаржы министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі береді. Оларға дәлелдейтін құжаттар апаруымыз керек. Газ, су, кәріз құбырларын тартып бітіп, қайтып қазбайтын болған соң ғана асфальт төселеді. Оған дейін бізге ешкім бір тиын бермейді. Мен оны шеше алмаймын, – деді әкім орынбасары.


Өмірзақ Шөкеев түркістандықтарды алаңдатқан мәселелерді тыңдады
Димаш Құдайберген науқас баланың арманын орындады (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу