Саяси аренаның әділдігі үшін нақты қадам
Қаңтар оқиғасынан кейінгі елдің толқығаны жасырын емес. Елдің көңілін алаңдатқан жағдайларға байланысты Мемлекет басшысы Үндеу де жасады сұхбаттар да берді. Сұхбаттарында жақын арада ел сұранысына жауап беретін, халықтың қажеттілігін өтеуге бағытталған саяси реформа міндетті түрде жасалатынын айтқан болатын.
Жолдаулардың саяси институт болып қалыптасқалы 25 жыл өтіпті. Әр Жолдаудың өз ерекшелігі бар. Қай Жолдауды алсаңыз да міндетті түрде қаржы мәселесі қалыс қалмайтын. Бүгінгі Президентіміздің қазақстан халқына Жолдауы мүлдем ерекше мәні де мағынасы да саяси бағытта. Дәл осы Жолдау Қаңтар оқиғасына жауап қана емес, елдің саяси дамуына да жауап, бір сөзбен айтқанда саяси сілкініс.
Жолдаудағы Мемлекет басшысы Суперпрезиденттік басқару формасынан Парламенті мықты республика тәсіліне түбегейлі көшу арқылы реформалар жүйелі әрі кешенді түрде іске асады,саяси институттардың барлығы қамтылады деді.
Осы бағытта Конституцияның 30-дан астам бабына, 7 Конституциялық заңға,15 тен аса заңдарға өзгерістер енгізілетін болады. Оның ішінде ең бастысы Сайлау туралы заңға өзгерістер -Сенаттың,Мәжілістің сандық құрамындағы өзгерістер-Парламентті қалыптастыру тәртібі сияқты ірі саяси бағыттағы өзгерістер ешкімді бей-жай қалдырмады.Президенттің Сенаттағы квотасын 15-тен 10-ға қысқартуы ,Қазахстан халқы Ассамблеясының квотасын Мәжілістен Сенатқа беруі қалай болғанда да Парламенттің ролін күшейтеді. Ең тұщымды тұсы Мәжілісті 70% партиялық тізім бойынша, 30% бір мандаттық округтер бойынша пропорциональды-мажоритарлық жүйемен қалыптастыру реформасын халықтың басым бөлігі күткен еді.
Елдің ойын естіді жауап қатты. Жуырда Орталық Сайлау Комиссиясының Төрағасы Н.Абдиров өңірлерді аралап халықтың ой-пікірлерін тыңдап ұсыныстар жинақтаған болатын.Түркістанға келген сапарында мен сөз сөйлеп Сайлау туралы заңның 50 бабын қатайту керек,бірте бірте сайлаудың аралас жүйесін халық қалайды соған келетін шығармыз деген болатынмын. Алты Алаштың ақылын тыңдаған демекші өңірлердегіэксперттік пікірлердің маңызды екенін ұққаны сол кездесулерден байқаған едік.
Азаматтық қоғам арасында Сайлау жұйесіндегі оң өзгерістер партияда мүше емес азаматтар үшін тиімді, бұл тұста барлық азаматтардың і құқықтары сақталып әділетті саяси жүйе қалыптасады. Сондай-ақ, партияларды тіркеу үрдісіндегі тіркеу шегін 20 мыңнан 5 мың мүшеге дейін төмендету көппартиялық мүмкіндігін жоғарылатады. Осының бәрі азаматтық әділ қоғам орнатудағы жасалған теңсіздікті жоюдағы нақты әрекеттер ғана емес, бәсекелестіктің жоғарғы сатысына алып баратын баспалдақтар. Сонымен қатар, облыстық мәслихаттарда аралас сайлау жүйесін( мажориталық-пропорциональдық 50/50) және императивті мандатты енгізу, ал аудандық,қалалық мәслихаттарда мажоритарлық жүйені енгізу мәселелері қызу талқыланып жұртшылықтан қолдау табуда.
Бұл сайлау процесін жаңғыртудағы жұртшылықтың ойында жүрген бойын мазалаған ойлар болатын. Жолдауда айтылған Президенттің өз өкілеттігі тұсында партиядағы мүшелігі тоқтатылуын заңда қарастыруы Президенттік өкілеттілікке үстемдік беруден бас тартқанын көрсетеді.Әділ шешім, бүкіл азаматтық қоғам институттарына бірдей әділ көзқарас. Әділ көзқарас болған жерде әділдік принциптері жұмыс жасайды. Сонда ғана ел сеніп көшбасшы соңынан ереді.Ой қозғай отырып саяси жүйе жаңғырады,заңдар тиімді жұмыс жасай бастағанда ғана алға қойған нәтижеге жетеміз. Саяси жүйе дұрыс жұмыс жасағанда экономикалық,әлеуметтік даму процестері өз арнасымен жұмыс жасап халықтың әл аухаты жақсаратын болады. Барлық реформалар елдің дамуы үшін, халықтың қамы үшін жасалуы тиіс. Ой жақсармай күй жақсармайды.
Қалыйма Жантөреева,
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Атқарушы хатшысының орынбасары, облыстық мәслихат депутаты