«Жолшылар жерде қалмайды»

Oinet.kz 24-03-2022 828

Ел мен елді, жер мен жерді, алыс пен жақынды байланыстыратын - жол. Тіршіліктің тамырындай барлық салаға жан бітіреді. Ал сол жолдардың құрылысы, күтімі  – аса ауыр жұмыс. Осы қиын істі еңсеріп жүрген әйел жолшылар да жоқ емес. Соның бірі – Зайра Шаймұратқызы мен Үрилла Ботақараева. Олар «Жол активтері ұлттық сапа орталығында» қызмет етеді. 

Screenshot_4.jpg

Үрилла Әмірқызы жол саласында жүргеніне 20 жылдан асқан. Еліміздің ең ірі инфрақұрылымдық жобаларына қатысқан тәжірибелі инженер. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай транзиттік» автодәлізі, елімізде салынып жатқан тұңғыш жерасты жолы құрылысына  атсалысқан.  Ол жол құрылысына қолданылатын түйір тастан бастап бутим, асфальт, бетон сапасына дейін сараптама жасайды. 

«Бұл сала үлкен жауапкершілік пен шыдамдылықты талап етеді. Қызығы мен қиындығы да мол. Бұл салада әйел тұрмақ маман тапшы.  Мектеп оқушыларымен кездесеміз. Жолшы мамандығының маңызын түсіндіреміз. Жастардың, әсіресе қыз балалардың арасынан жолымызды жалғайтын жастар шықса нұр үстіне нұр болар еді», - дейді жолшы, инженер  Үрилла Ботақараева. 

Screenshot_5.jpg

Ал Зайра Шаймұратқызы  салынған жолдардың тақтайдай тегістігін, ұзындығы мен еңістігін, кеңдігін, енін, төсемінің қалыңдығын, тіпті жол белгілері мен таңбаларының жарыққа шағылысу коэффицентін, бояуларының анықтығы мен қанықтығын дейін тексереді. Заманауи құрылғылары жоғары кәсіби сараптама жасауға мүмкіндік береді. 

«Ауа райының ыстық суығына қарамастан әйел адамға жолда жүру оңай емес. Алайда осы қызметіміздің маңыздылығына , жауапкершілік талап етеді. Мен өз мамандығымды жақсы көремін», - дейді жолшы, инженер Зайра Шаймұратқызы.  

Үрилла Әмірқызы мен Зайра Шаймұратқызы- жол саласындағы санаулы, таптырмас мамандар. Білікті инженерлер қашанда сұранысқа ие. Олардың терең білімі, мол тәжірибесі, көргені мен көкейге түйгені – жас жолшыларға үлгі. 

Танымал продюсер қос келініне ақылы мен өтінішін айтты
Саяси аренаның әділдігі үшін нақты қадам
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу