Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Сәбит Әбдіхалықов экс-жұбайы Айгүл Иманбаеваны ұзатпақ. Иманбаеваның 45 жас тойына қатысқан актер оған осылай деп тілегін білдірді.
Әбдіхалықовтың тойда тілек айтқан сәті әлеуметтік желіде тарап кетті. Онда актер:
"Біз өмірден өткеннен кейін де біздің тарихымыз, ұрпағымыз жалғасады. Сол үшін аман бол. Құдай қаласа, баламыздың қуанышын көріп, үйлендірейік. Оған дейін амандық болса, мен сені қолдан ұзатып жіберейін", - деп ақжарма тілегін жеткізген.