«Әр балаға 36 мың теңге» - Мәжіліс депутаты

Oinet.kz 02-02-2022 4331

Елде әрбір оныншы бала тұрмысы төмен отбасында тәрбиеленіп жатыр. Мәжіліс депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Динара Зәкиева атаулы әлеуметтік көмекті әр балаға ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейін көтеруді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Screenshot_2.jpg

Депутаттың айтуынша, қазір республикада кем дегенде 625 мың бала, яғни әрбір оныншы бала тұрмысы төмен отбасында тәрбиеленіп жатыр.

"Әлеуметтік жағынан осал отбасыларды қолдау тетіктерінің бірі атаулы әлеуметтік көмек екені белгілі. Бірақ бүгінде оның мөлшері ең қарапайым қажеттіліктердің өзін қанағаттандырмайды. Мысалы, жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен, 6 адамнан құралған отбасында атаулы әлеуметтік көмек бәріне 7 мың теңгеден ғана асуы мүмкін", - деді Зәкиева вице-премьер Ералы Тоғжановқа жолдаған депутаттық сауалында.

Қазіргі таңда өкілетті органдар Балалар жылына арналған Іс-шаралар жоспарын әзірлеп жатыр. Осыған байланысты Динара Зәкиева бірқатар ұсыныс айтты.

"Тұрмысы төмен отбасылардың балаларын қолдау тиімділігін арттыру үшін атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін әр балаға ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейін көтеру қажет. Бұл бір балаға 36 мың теңгені құрайтын болады. Бұған қосымша 225 миллиард теңге керек", -деді ол

Бауыржан Байбектің орнына жаңа басшы келді
Из академии «Оңтүстік» — в «Гранаду»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу