Еліміздің заңдарына ревизия жүргізілуі мүмкін

Oinet.kz 02-01-2022 1655

Премьер-министр Асқар Мамин құқықтық регламенттеу деңгейлері арасындағы теңгерімді қамтамасыз етуге бағытталған заңнамалық актілерді әзірлеу мен қабылдауға қатысты депутаттық сауалға жауап берді.

image.png

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 10-тармағында (Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 413 Жарлығымен бекітілген) «Құқықтық саясат тұжырымдамасы шеңберінде егжей-тегжейлі құқықтық регламенттеу мен басқарушылық шешімдер қабылдаудың икемділігі арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету бөлігінде заңнаманы өзгертуге бағытталған ережелерді іске асыру» іс-шарасы көзделген. Осыған байланысты осы міндеттерді іске асыру Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 674 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасына енгізілген, - делінген Асқар Маминнің жауабында.

Оның айтуынша, тұжырымдамада құқықтық регламенттеу деңгейлері мен басқарушылық шешімдер қабылдаудың икемділігі арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету мақсатында қайта қарау қажет нормаларды анықтау тұрғысынан заңдарға тексеру жүргізу, жекелеген мемлекеттік органдарға осындай актілердің заңдылығын бақылау мақсаттарын, қағидаттары мен тетіктерін бір мезгілде белгілей отырып, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді қабылдау үшін дискрециялық өкілеттіктер беру, сондай-ақ нормативтік құқықтық актіні қабылдаудың оңайлатылған тәртібін көздеу қажет деп көзделген.

Қазіргі уақытта Әділет министрлігі Президент Әкімшілігімен бірлесіп тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының жобасын пысықтауда, онда заңдардағы артық нақтыланған нормаларды анықтау бойынша талдау жүргізу және оларды қайта қараудың орындылығын қарау, сондай-ақ заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді қабылдау мәселесін пысықтау көзделген. Осылайша, тиісті заңнамалық актілерді әзірлеу және қабылдау көтеріліп отырған мәселе бойынша талдау жүргізілгеннен кейін жүзеге асырылады, - деп атап өтті Премьер-министр.

Сонымен қатар Мамин заңға құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізгенін айтты.

Заңдардың тұрақтылығын қамтамасыз ету бөлігінде Үкімет заңнаманың тұрақтылық дәрежесін талдауды дайындау мәселелерін регламенттейтін құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізгенін (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 тамыздағы № 544 Қаулысы) хабарлаймын, бұл мемлекеттік органдар қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді, - деді Асқар Мамин.

Жаңа жыл түні Павлодар облысында 10 сәби дүниеге келді
Ерлан Саиров: Маңғыстауда газ бағасын 85 теңгеге дейін төмендетуге шешім қабылданды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу